Новости колледжа

03 қараша 2022 жылы Орал гуманитарлық – техникалық колледжі оқытушылары мен қалаллық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында «Колледж бен мектеп ынтымақтастығы: Инновация. Жаңа тәсіл. Тәжірибе.» атты семинар-практикум өтті. Семинар-практикумге колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қатысып, осы семинардың маныздылығын атап өтіп, қалалық білім бөліміне, мектеп мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

28 қазан 2022 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде БҚО білім басқармасының жанындағы әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО бойынша ҚДИ филиалы ұжымымен бірге онлайн форматта ТжКББ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған «Педагог» кәсіби стандарты талдауға қатысты.

2022 жылдың 28 қазаны күні Орал гуманитарлық – техникалық колледжінде БҚО Білім беруді дамыту орталығының қолдауымен «Студент және Ғылым: Ізденіс. Инновация Даму» атты халықаралық студенттік конференция өтті.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің мемлекеттік тілде оқымайтын І курс студенттері арасында «Тіл–татулық кілті» атты А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Қазақстан республикасы мерекесіне орай тілдер апталығы шеңберінде білгірлер байқауы өтті. 3 айналымнан тұратын байқауда «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш білім беру», «Шетел тілі мұғалімі» мамандықтары бойынша І курс студенттері бақ сынасты. Қатысушылар «Менің кіші Отаным», «Ахмет- ұлт ұстазы», «Шабыт жұлдызы» тақырыптар аясында сайысты.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әдістемелік және оқу-өндірістік жұмыс жоспарларына сәйкес оқытушылар арасында «Курстың жұмыстарын жүргізу қағидалары» атты семинар-практикум өтті. Мақсаты: курстық жұмысты жүргізу жолдары, студенттерге дұрыс тақырып тандау, жұмыс орындауы және безендірілуі, студенттердің ғылыми жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру.

FaLang translation system by Faboba