ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

«SANALY URPAQ»   ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ҮЛГІЛІК КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

ҮЙІРМЕ, СЕКЦИЯ КЕСТЕСІ 

ЕСЕПТЕР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

 

 

 

Колледжда А.Р.Идрисова 1аКШМ тобының топ жетекшісі «Біз сыбайлас жемкорлыққа қарсымыз»тақырыбында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Топ студенттері өз ойларын ортаға салып, колледжде ондай ой-пиғылмен кездеспегендіктерін айтты.

Н.А.Утегенова 4а КШФ тобының жетекшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткен кезекті онлайн «Адалдық сағатымен» танысып, талқылады. Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

«Парасатты адам деген кім?», «Парасатты болу қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға спортшы «Парасат», «пайым» сөздерінің мағынасын аша отырып, «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

Топ студенттеріне А.Назаровтың бойындағы өзіндік болмысы–қарапайымдылығы, ойын еркін жеткізіп, сөз саптауы ұнады. Қоғамда, жастар арасында парасаттылықты насихаттап, оны дамыту – барша қазақстандықтардың міндеті, парызы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті. А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек.

 

Орал гуманитарлық –техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті. А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді. Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек. Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады. Шара ZOOM платформасында өтті. Ақпараттық видео барлық топтарға WhatsApp желісі арқылы жіберілді. Колледждің Instagram парақшасында жарияланды.

А.Ж.Отарбай 2 а КШК тобымен Сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін жетілдіру мақсатында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбындағы кезекті «Адалдық сағаты» онлайн ұйымдастырылды. Дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары арқылы ақынның ұлтын ерекше сүйетіндігіне таңданып, ол ең алдымен адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жырлағанын, қазақ қауымына адал қызмететіп бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетуге болатынын айтты. Өз заманының ұлы ғұламасы Ш Құдайбердіұлының мұрасынан бейнебаян көрсетілді. Шара барысында ақынның бәріне қанағат қылд, да аянбай адал еңбек ет деген өситі бүгінгі ұрпаққа тәрбие беруде өзектілігін жоғалтпағаны талданды. Өмірде ақиқат, шындық, білім ғылыммен сезім дамуы арқылы іске асады деп түсіндірген. Парасатты тұлға болып қалыптасуы үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын түсіндірді. Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.... Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім деді. Шәкәрім өз шығармаларында Ар білімі деген терминді қолданған.Шара барысында студенттер Шәкәрімнің шығармаларын оқып мағынасына түсіндірді.

 

16 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде БҚО дін істері басқармасының «дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлымен «Қазақстан жастары және дін» тақырыбында кездесу өтті. 

Рухани тәрбие беретін шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай, колледж психологы Б.Б.Конарова және 1 курс студенттері қатысты.Кездесу мақсаты – діни сауаттылықты арттыру,қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды жаман іс-әрекеттерден сақтандыру.

Теолог маманы Наурыз Ибатұлы әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы  мәселелерге тоқталды. Кездесу барысында Ислам дінінің рөлі,оны дұрыс пайдалану,  дұрыс түсінік қалыптастыру жолдары туралы әңгіме өткізіп, хиджаб кию мәселесі, тыйым салынған ұйымдарға жастарды тартудың себептері, қазақтың ырым-тыйымдарына сену дұрыс па, музыкалық аспапта ойнауқаншалықты дұрыс, теологиялық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланды.Дiни экстремизмге қарсы iс-қимылда рухани-адамгершiлiк құндылықтар мен дәстүрлерге баса назар аударылды. Студенттерге абайсызда  жат пиғылды ағымдардыңарбауына арандап қалмау, діни білімді тек ғана мешіттерден үйрену қажеттігі туралы кең көлемде түсініктер айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу студенттердің сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай ұжым атынантеолог маманы Наурыз Ибатұлы мен студенттерге алғысын білдірді. Алдағы уақытта басқа да тақырыптарды талқылауды ұсынды.

FaLang translation system by Faboba