Колледждің 1 курс студенті Э.Мурзагалиева Ақтюбе облыстық жастар мен балалар ұйымдасрының қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық Колледж Аруы -2021 онлайн сайысына қатысты. Нәтижесінде Сүйкімді ару-2021 номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі А.Ж.Отарбай грамотасымен марапатталды.

3 курс студенті Мурзагалиева Маржан Орал қаласының қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып волонтерлер қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін «ҮЗДІК ВОЛОНТЕР» атағын жеңіп алды.

Колледждің 3 курс студенті Мурзагалиева Маржан карантин кезінде халыққа көмектесіп, Облыс әкімі Ғ. Искалиевтің ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай құттықттау хатымен марапатталды.

2 курс студенті Байзуллина Нұргүл Мақсұтқызы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистанттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының құттықтау хатымен марапатталды.

24-30 сәуір күндері аралығында Алматы облысында ескек есу және каное спорт түрінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Батыс Қазақстан облысының құрама командасының мүшесі 2аРШФ тобының студенті Кузнецов Роман 2 орынды иеленді!!!

3бКШФ тобының студенті Даренов Бисұлтан Ұлттық спорт түрлерін насихаттау аясында облыстық ат жарысы бойынша I орын алды.

Ульяновск қаласында карате бойынша аймақаралық турнирде 2аРШФ тобының студенті Пивень Дарья III орын алды.

23-26 ақпан аралығында Алматы қаласында ММА аралас жекпе-жектен ҚР Чемпионаты өтті, "дене шынықтыру және спорт" мамандығы 3бршф тобының студенті Сисенова Карина 18-21 жас аралығындағы жастар арасындағы жарыста 56,7 кг салмақта 1 орынға ие болды

Қайырымдылық спартакиадасы "Nur Otan" партиясы "Jas Otan " Жастар қанаты БҚОФ ұйымдастырумен БҚО Спорт басқармасының қолдауымен Ұлттық ойындардан сайыс өтті.

2 – 4 желтоқсан күндері Колледж лига жарыстарының тоғызқұмалақ бойынша облыстық кезеңінде колледж құрама командасы қатысып, бірінші орын иеленді.

FaLang translation system by Faboba