2022 жылдың 23-27 мамыр аралығында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына орындау, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісін жандандыру, дене бітімін жетілдіру қажеттілігі мен қызығушылықты қалыптастыру, әскери дағдыларға үйрету мақсатында оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды. 1 курста білім алушы ұл балалары алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы офицер аға лейтенант Ө.Ж.Батырғалиевпен бірге тактикалық алаңда ұрыстағы сарбаздардың әрекетіне, қорғанудың дербес құралдарын қолдануға жаттықты. Әскери бөлімнің қару-жарағы, әскери техникасымен, орналасуы, өмірі және күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысты.

FaLang translation system by Faboba