College news

10- 16 мамыр аралығында колледж студееттері "Отбасы- аяулы алақан мекені" тақырыбында контент әзірледі. Әр студент өз отбасының ұстанатын дәстүрін, әдет- ғұрпын, тәрбиесін мейіріммен қамқорлықтың мекені екенін көрсетіп бөлісті. Отбасы туралы шара өткізу, видео, фото әзірлеудің өзі Отбасы мүшелерінің бұрынғыдан да бетер жақын болуына себеп болатыны анық.

Колледждің студенттік парламент мүшелері 1-25 мамыр аралығында өтіп жатырған, Балалар жылына арналған "Өмір сүр, Ғаламшар" атты экологиялық акциясына қатысты. Колледж студенттері акцияға қатысу барысында "Менің әдемі аулам", "Таза жағалаулар" "Жасыл колледж", "Жануарларға көмек" тақырыбында түрлі шаралар ұйымдастырды. Шара барысында студенттер табиғат өз үйін сақтау, оны қорғау, өмір сүруі үшін барлық адамзат жауапты болуға шақырады.

13 мамыр күні колледждің белсенді студенттері және «Ашық жүрек» еріктілер клубының мүшелері 2022 Балалар жылына орай Облыстық мектеп оқушыларының арасында өткен «Мен сізге керекпін» акциясы аясында сурет салу көрмесінің үздік жұмыстары қаламыздың тұрғын үй аймақтарына ата-аналар назарға алу үшін жапсырылды.

FaLang translation system by Faboba