College news

Колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева және ДТЖЖ орынбасары А.Ж.Отарбай Ұлы Отан соғысының ардагері Качеткова Нина Владимровнаны Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіріп үйіне барды. Бүгінгі күні арамызда аз қалған ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету біздің борышымыз! Нина Владимировна 18 жасында әкесімен және ағасымен өз еркімен соғысқа қатысқанын әңгімелеп берді. Кеудесі орден мен медальға толы ардагер соғыс кезіндегі қиындықты, аштықты, жаралыларға көмектескенін есіне түсіріп айтып берді.

On May 4, students of group 2аКШР of the specialty: 0111000 "Basic secondary education", qualifications: 011102 3 "Teacher of the Russian language and literature" during the internship "Introduction to the specialty" in secondary school No. 6 named after A.S. Makarenko with students of the 9th classes carried out vocational guidance work.

25-29 сәуір күні колледжде дене тәрбиесі спорттық апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру. Ашылу салтанаты шарасында колледждің 1бРШФ, 3аРШФ тобының студенттері Бодров Данила мен Аманов Алимжан «Спорттық көрініс» көрсетті, 2аКШМ тобының студенттері «Бәріміз бірге!» әнін орындады, және 1 курс студенттері арасында спорттық би (флешмоб) сайысы өткізілді.

29 сәуір күні «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3,4 курс студенттері және оқытушылар кәсіптік бағдар беру мақсатында қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс қорытындысы бойынша:

FaLang translation system by Faboba