College news

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚББОӘО) 2022 жылғы 1 -25 мамыр  аралығында Студенттік парламент  мүшелерінің арасында Балалар жылына арналған "Өмір сүр, Ғаламшар!" атты Экологиялық акциясын өткізуде. Талаптары: тақырыпқа сай қызықты бейнероликті дайындау, оны фейсбук әлеуметтік желісіне #Балаларжылы2022#Годдетей2022#студенттікпарламент#студенческийпарламент хэштектерімен орналастыру. 

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері спорттық апталықтың әр күні колледжде «Сабақтар - жаттығудан басталады» атты бала бақша балаларымен, студенттер және оқытушылар, арасында жалпы дамыту жаттығулар кешенін ұйымдастырып өткізді.

26 сәуір күні 3аРШФ, 2вРШФ тобының студенттері профориентациялық жұмыс бойынша қала мектептерінің оқушыларымен кездесіп, оларды Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түсуге шақырды және сонымен қатар оқушылар колледждің инстаграмм желісіне тіркеліп, студенттерден жарнама қағаздарын қабылдап, қызуғышылық білдірді.

Сәуір айының жиырма алтыншы жұлдызында 3а,б,в КШК топ студенттері арасында кезекті «Бейбітшілік-ел тірегі» атты тәрбие сағаты оздырылды. Бес саусақты біріктірер алақан, алақанмен алақанды біріктірер қол, қолмен қолды біріктірер білек, білекпен білекті біріктірер жүрек, жүрекпен жүректі біріктірер сізбен біздің ыстық ақ ниет демекші, тәрбие сағаты студенттердің бір-біріне жақсылық тілеуімен басталды.

FaLang translation system by Faboba