College news

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженер-педагогикалық қызметкерлерінің «Көптілді меңгеру: Еңбек нарығы. Өзгермелі кезең. Өрлеу» ғылыми-практикалық конференциясына колледж оқытушылары Б.Б.Конарова мен М.Е.Ізбасаров қатысып, баяндама оқып, өздерінің біліктерін көрсете білді. Ғылыми-практикалық конференциясы шығармашылық ізденістерін арттыруға көмектесті. Көптілділік бойынша білім алушылармен жұмыс барысында икемділік дағдыларын қалыптастыруға бағыт берді.

Бүгін облыста Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, Сейілбек Мырзабайдың Балалықтан даналыққа кітабының тұсаукесері өтті. Сәтті тұсаукесерден кейін Сейілбек Мырзабай колледжіміздің ұжымы және студенттер қауымымен кездесті.

11 мамыр күні колледждің «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» мамандығының 3 курс студенттері топ жетекшісі А.Қ.Виктормен Батыс Қазақстан облыстык тарихи-өлкетану музейінде Жеңіс күніне орай Кеңес ондағы ның батыры Есен Орақбаев (1922-1945) және соғыс ардагері Бисен Жұмағалиевтің (1922-2015) туғагына 100 жыл толуына орай " Ерлікке тағзым " атты көрменің ашылуына қатысты. Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігі мен дәлелі екендігін паш етіп, ұрпаққа берер ұлағатын ашып жеткізу. Болашақ ұрпақты отанды сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелеу.

Колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева және ДТЖЖ орынбасары А.Ж.Отарбай Ұлы Отан соғысының ардагері Качеткова Нина Владимровнаны Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіріп үйіне барды. Бүгінгі күні арамызда аз қалған ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету біздің борышымыз! Нина Владимировна 18 жасында әкесімен және ағасымен өз еркімен соғысқа қатысқанын әңгімелеп берді. Кеудесі орден мен медальға толы ардагер соғыс кезіндегі қиындықты, аштықты, жаралыларға көмектескенін есіне түсіріп айтып берді.

FaLang translation system by Faboba