14.12.18. 3бКШИ, 2вКШИ топтары Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету, еліміздің тарихын білу. Тәрбие сағатында Қазақстан, Тәуелсіздік туралы үш тілде тақпақтар оқылып, әндер айтылды. Сонымен қатар сонау 1986 жылдың 16 желтоқсанында болған оқиғаның құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың сот залындағы сәтінен көрініс көрсетілді. Анасына жазған соңғы хаты оқытылды. Тәрбиелік шара үш тілде және өте әсерлі өтті. Тәрбиелік шараға 1-ші курс студенттері мен оқытушылар көрермен ретінде қатысты.

FaLang translation system by Faboba