21.04.18 Колледж оқытушылары мен студенттері «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында сенбілікке шығып, колледж аумағындағы теректердің түбін қопсытып, колледж айналасындағы Қ.Аманжолов,  М.Жүнісов, Самарская, Х.Чурин, Рабочая көшелері мен  Арбат бойындағы арықтарды қоқыстарынан арылтты. Сонымен бірге студенттер колледжішілік тазалық жұмыстарына да ат салысты.

20.04.18 Колледжде «Ашық есік күні» өтті. №40,45,47 мектептерінен 45 оқушы, 3 мұғалім колледж тарихымен танысып, 3-4 курс студенттер өздері білім алып жатқан мамандық туралы ақпарат берді. 

19.04.18 БҚО Тілдерді даыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен  О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Кенжеғалиева Айза мен 2 курс студенті Мухамбетова Айкамен «Алғыс хатпен» марапатталды.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі базасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «National bookdating» республикалық акциясы өтті.  Акцияға колледждің 25 оқытушысы, «Негізгі орта білім» мамандығының 45 студенті және қалалық М.Горький атындағы кітапхананың қызметкерлері Г.Алғазы, А.Хамитова, Н.Шатимова қатысты. 

18.04. Көрнекті жазушы, ақын, публицист М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай қалалық  М.Горький атындағы кітапханамен бірлескен «Мағжан жырлары мәңгілік» тақырыбында әдеби - поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Кешке 30 студент қатысты.

17.04.Жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру мақсатында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бөлім басшысы Қадошев Аман Бауыржанұлы  және БҚО дін зерттеу орталығының теологі Искалиев Талғат Мұратұлымен «Дін сауаттылығы» тақырыбында бейресми түрде кездесу өтті. Кездесуге колледждің 1 курс студенттері қатысты.(80 студент)

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа формация педагогы» атты І Республикалық байқауына қатысқан колледждің  4б КДО топ студенті А.Темирболатова талапшыл, ізденпаз, жаңашыл педагогикалық шығармашылығы үшін ІІ Дәрежелі дипломымен марапатталып, «Оқып үйренейік» әуенді кестесін сыйлыққа алды. Жетекші ретінде оқытушыА. Б. Сарсенгалиевада ІІ Дәрежелі Дипломға ие болды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын орындау үшін және студенттерге түсінік беру мақсатында 70*150 см көлемінде колледж дәлізіне көрнекі үгіт құралы орналастырылды.

16.04.2018 Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде түлектерді жұмыспен қамту жайында мамандықтар жәрменкесі өтті. Жәрмеңкеге облыс аудандары мен Атырау облысының білім басқармасы қызметкерлері қатысты

5 сәуір 2018 жылы Қ.Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер шығармашылығының ұйымдастыруымен Орал гуманитарлық-техникалық колледжі құрылтайшысы, п.ғ.д. Шалқыма Хайроллақызы Құрманалинамен кездесу кеші өтті. Кешке облыстың зиялы қауымы, Ж.Досмұхамадов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу кешінің өтуіне Орал гуманитарлық-техникалық колледжі үлкен белсенділік танытты.

FaLang translation system by Faboba