Новости колледжа

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығында оқитын 3бКШМ тобының студенттері ағымдағы жылдың 27-30 қазан аралығында Астана қаласында ұйымдастырылған V-ші Халықаралық шығармашылық «Музыкалық от шашу» конкурс фестивалінде жүлделі «Бас жүлде» иегерлері атанды. Өнерлі қыздарымызды колледж атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!!!

30 қазан күні колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3,4 курс студенттеріне арналған «Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің мәселелері» – әдістемелік нұсқаулық семинар ұйымдастырылды. Семинарды «педагогика, психология» кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Т.У.Маденова өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жаңалықтарымен таныстыру мақсатында №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі, 2017-2018 оқу жылының түлегі Маусымжан Жұмабайқызы Иманбаева, Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталық ІІ санатты  тәрбиешісі Ұлжан Серікқалиқызы Қуантаева, қатысып, таныстырды. 

Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы жанындағы «Мирас» клубы Қ.Р. Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауына талдау бағытында  шара өткізді. Шараға «Мирас» клубының мүшелері және кафедра оқытушылары қатысты. Шара барысында студенттерге жолдаудың басым бағыттары туралы ақпараттармен таныстырылды. Елбасының жолдауы  мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған.

19 октября 2018 года в группе 4бКДО и 4бРДО преподаватель кафедры «Педагогика и психология»  Маденова Т.У. по предмету «Основы изо с методикой обучения» провела урок по теме «Аппликация в старшей группе», на котором через ИКТ технологии знакомила студентов с особенностями аппликации, ее видами, методикой обучения в старшей группе. 

16.10.2018ж күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2курс студенттерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөлімінің жпқ жопт упи полиция аға лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевич және Ахметов Асылбек Нурлановичпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. 

16.10.2018ж күні «Денсаулық – зор байлық» студенттерге жас ерекшелігіне қарай ерте мерзімдік жүктілік және оның алдын алу жолдары, жастардың ортадағы өздерін алып жүрулері, ерте жастан жыныстық қатынасқа  жол бермеу,отбасын жоспарлау, жас ана және дені сау бала психикалық денсаулық қорғау туралы сонымен қатар отбасында психологиялық жағымды климатты құру және баланың ата-аналарымен салауатты қарым-қатынасын қалыптастыру жөнінде, отбасы институтын жетілдіру туралы колледж психологы Конарова Бекзат Бактыгалиевнаның ұйымдастыруымен Орал қалалық №3 емхананың акушер-гинекологы Исагалиева Гүлнар Ғазезовна және колледж медбикесі Каусова Нурия Бактыгереевна 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

FaLang translation system by Faboba