Новости колледжа

14 ноября среди 4-х курсов, факультета «Дошкольное воспитание и обучение» руководитель кружка «Юный воспитатель» Сарсенгалиева А.Б. и преподаватель Маденова Т.У. провели конкурс «Тәрбиешінің шеберлік әлемі». Студенты разделились на пять групп и выполняли задания в пять этапов. На начальном этапе студенты знакомили себя с помощью музыки, стихов, песен.

13 қараша күні Х.Бөкеева атындағы облыстық  қазақ драма театрында «Жәннат» атты театрландырылған қойылымына Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері  сағ 15.00де  1-2 курс 100 студент, сағ 17.30 дағы қойылымға  3-4 курс 110 студент және колледж оқытушылары қатысты. Қойылым өте жоғары деңгейде қойылды.Студенттер қойылымнан керемет әсер алды.

13 қараша күні «Денсаулықты сақтауды өзіңнен баста» атты  Бүкіл Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілген «Ұрпақтар сабақтастығы» аға буын мен жастар арасында  көпір боп жүрген алаңға еңбек ардагері, фармацевт, қоғам қайраткері, жазушы «Мейірім әуендері» кітабының авторы, денсаулық сақтау саласындағы үздік еңбек қызметкері Бергенов Мақсұт Қабашұлының қатысуымен Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің қабырғасында өтті.

05.11 күні  сағат 11.00 де  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өткен депутат, ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстаз Суербаев Рахметолла Хамитұлының 80 жасқа толуына орай  «Өнегелі өмір иесі» атты  тақырыбында ұйымдастырылған  кездесу кешіне АКТ енгізу бойынша ғылыми кеңес беруші, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Аналар кеңесінің төрайымы, Орал гуманитарлық – колледжінің құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина бастаған колледждің студенттері мен ДТІЖ орынбасары Л.А.Нагимова мен К.К.Қосбаева  барып қайтты.

 

3 қараша 2018 жылы «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 1а КШИ тобында «Тәрбие бастауы - отбасынан» тақырыбында ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінде қаралған мәселе:

2018 жылдың 2 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру институтының аға оқытушысы, тренер С.Н.Файзуллинамен шеберлік сыныбына колледждің 26 оқытушысы қатысты. Шеберлік сыныбында тренер өзін-өзі тану пәнін, басқа пәндерге өзін-өзі тану пәнін кіріктіру бойынша сабақтар көрсетіліп, әдістемелік  көмек берілді. Практикалық бөлімде оқытушылар өз сабақтарына өзін-өзі тану пәнін кіріктіру бойынша ойларын айтты, талқылады. 

FaLang translation system by Faboba