Идрисова Алма Рахатовна

Музыка кафедрасының меңгерушісі.

Оқыту пәндері: Балабақшадағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі

Өтілімі: 29 жыл

Санаты: жоғары 14

Білімі: жоғары

Туған жылы: 20.11.1964ж.

Марапаттау:Батыс Қазақстан облыстық «Құрмет грамота» иегері,


«Құзіреттілікке бағытталған сапалы білім беру-біздің алға қойған мақсатымыз.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру -өмір талабы

Музыка жас адамзаттың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Ахмет Жұбанов

Мектептегі музыка сабағы пәндері оқушының эстетикалық жан-жақтылығын дамытып, өз халқы мен әлемдік музыка мұралары туралы ақпараттандырып, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімдеп, шығармашылықпен жұмыстанатын кәсіптік бағдар береді.

Кафедраның алға қойған негізгі мақсат, міндеттері:
- кафедраның жұмысын ИСО 9001-2001 сапа менеджменті талаптарына сай жүргізу,жетілдіру;
- 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша болашақ мамандардың бәсекекеге қабілетін арттыру;
- студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз бетімен жұмыстануға, ақпарат жинауға дағдыландыру;
- арнаулы пәндер өтетін оқу кабинеттерінің жұмысын жетілдіру;
- ақпараттық оқыту ортасын құру жұмысын жалғастыру,ғылыми-әдістемелік жұмыстың сапасын виртуальдік колледждеңгейіне көтеру;
- білім мазмұнын ақпараттандыру жағдайында мамандар дайындауда электрондық-әдістемелік жүйе құрып,сапасын арттыру;
- колледж түлектерінің «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйыдарындағы музыка мұғалімі» мамандығын алып шығуына мүмкіндік жасап, олардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру;
- оқу - тәрбие үрдісінде студенттерді этномәдени құндылықтар арқылы қазақстандық патриотизмге, ынтымақтастыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- курстық жұмыстардың теориялық мазмұнын және практикалық сапасын арттыру;

Колледжде 2008 жылдан 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы, квалификация 0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйыдарындағы музыка мұғалімі» бойынша мамандар дайындайды.
Кафедрада негізгі штатта: 6 оқытушы, оның ішінде – 1 жоғарғы санатты,

1-бірінші санатты, 2-екінші санатты, санаты жоқ 2- маман еңбек етеді.

Қосымша штатта:4 оқытушы, оның ішінде – 1 жоғарғы санатты, 1-екінші санатты,1-аға оқытушы,1жас маман еңбек етеді еңбек етеді.

Мектептегі музыка сабағы пәндері оқушының эстетикалық жан-жақтылығын дамытып, өз халқы мен әлемдік музыка мұралары туралы ақпараттандырып, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімдеп, шығармашылықпен жұмыстанатын кәсіптік бағдар береді.

Кафедра оқытушылары заман талабына сәйкес оқу жылы бойы оқытушылар өз сабақтарында жаңа технологияларды , әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана отырып, техникалық меңгерту әдістерін өзі жеткілікті деңгейде көрсетіп, студенттің музыкалық шығарманы көркем-мәнерлі,эмоциямен орындауына қол жеткізе алған, мамандықтың арнайы пәндер циклімен тығыз пәнаралық байланыстыра өткізіп,сабағын мамандықтың кәсіптік-педагогикалық бағытына бағыттап, ұйымдастыра біледі.

Музыка кафедрасының оқытушылары:

 

Идрисова Алма Рахатқызы

Музыка кафедрасының меңгерушісі,облыстық «Құрмет грамота» иегері,

Санаты: Жоғары.

Пәні:«Балабақшадағы музыкалық тәрбие бәдістемесі»

 

Нурушева Нүргүл Мұратқызы

Санаты: Бірінші

Пәні:«Хор сыныбы»

«Музыка және оқыту әдістемесі»

Шналиев Сағат Ұзақбайұлы

ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі»төс белгісінің иегері

Санаты: Бірінші

Пәні: «Негізгі музыкалық аспап» (баян)

 

Ахатова Эльмира Сакыпкереевна

Магистр

Пәні: «Негізгі музыкалық аспап» (домбыра)

Жардемова Ақмарал

БҚМУ«Құрмет грамота»иегері

Санаты :екінші

Пәні:«Дирижерлеу»

Ерғалиева Жамиля Русланқызы

Пәні: «Дауыс қою»

Қосымша штатта

 

Утешқалиев Серік Атошұлы

Санаты: Жоғары

Пәні: «Мектептегі музыка әдістемесі»

Өмірзақова Ләззат Қайыржановна

Аға оқытушы

Пәні: «Дирижирлеу»

БҚМУ «Құрмет грамотасы», Халықаралық жастар шығармашылық фестивалі «Жеңіс жолдарымен»

«Алғыс хат»

 

Қуаншалиева Раушан Жардемовна

Санаты: Екінші

Магистр

Пәні: «Дауыс қою»

 

Шналиев Жанат Сағатұлы

Жас маман

Пәні: «Қосымша музыкалық аспап»

 
         

Аты жөні

Туған жылы

Бітірген оқу орны, жылы

Білімі

Еңбек өтілі

Марапат-

тауы

Сана-ты

Жүргізе-тін пәні

жал-пы

арна-йы

1

Идрисова Алма Рахатқызы

1964ж 20.11

КазГос

ЖенПИ

1987ж

жоғары

29

29ж

БҚО «Өркен» жастар бірлестігі «Алғыс хат»

жоғары

Балабақшадағы музыкалық

тәрбие беру әдістемесі.

2

Нурушева Нұргүл Мұратқызы

1976ж 04. 08.

БҚМУ 2006ж

жоғары

19ж

19ж

 

Бірінші

Мамандандыру

3

Қуаншалиева Раушан Жардемқызы

1980ж 30.12

БҚМУ 2008ж

жоғары

 

Екінші. «муз.білім» магистрі

Дауыс қою

4

Утешкалиев Серік Атокұлы

1956ж 08.02

ШПИ-77

ОПИ-80

жоғары

39ж

39ж

ҚР БҒМ

«Алғыс хат»

жоғары

Мектептегі музыкалық

тәрбие беру әдістемесі

5

Шналиев Сағат Ұзақбаевич

1961ж

18.09

БҚМУ 2003ж

жоғары

34

20

ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі»төс белгісінің иегері

бірінші

Негізгі музыкалық аспап

(Баян)

6

Ерғалиева Жамиля Руслановна

1987ж

02.04

БҚМУ 2009ж

жоғары

 

-

Дауыс қою

7

Жардемова Ақмарал Бақтыбаевна

1962.01.02.

Каз,Гос.женПи-1987ж

жоғары

29ж

29ж

«Құрмет грамотасы»

БҚМУ-2012ж

Аға оқытушы санаты -2

Дирижерлау және

8

Шналиев Жанат Сағатович

15.09.1991ж

2007-2011жж Құрманғазы атындағы саз колледжі: «Арнайы фортепиано»2011-2015ж БҚМУ «Музыкалық білім» Мәдениет және өнер факультеті

жоғары

2

2

Абай атындағы педагогикалық университет

«Музыкалық білім» маман

дықтары арасындағы олимпиада ІІ-орын жүлдегері

 

Қосымша аспап ( ф-но)

концертмейстер

9

Ахатова Эльмира Сакипкалиевна

1979

12.07.

Жоғары

БҚМУ

2002

Жоғары

13

13

 

Жоғары

Негізгі аспап(домбыра)

10

Өмірзакова

Ләззат Қайыржанқызы

1966

26,03

Каз.Гос Жен Пи

1993

жоғары

32

31

«Құрмет грамотасы»

БҚМУ-2011,2015ж Халықаралық жастар шығармашылық фестивалі «Жеңіс жолдарымен»

«Алғыс хат»2015ж

Аға оқытушы

Қосымша аспап ( ф-но)

дирижерлау

Оқу процесінде «Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі», «Мектептегі музыка сабағын оқытудың әдістемесі» пәндерінен ЭӘЖ жасақталды .Кафедра оқытушылары өз білімдерін жетілдіріп, ақпараттық технологияларды сабақтарда қолдануда. Әдістемелік баяндамалар облыс,республика көлемінде жарияланып, жылдан-жылға оқытушылардың рейтингісі өсуде. «Музыкалық білім беру» мамандығы студенттерінің түрлі республикалық,облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алуы-оқытушылар мен студенттердің бірлескен шығармашылық жұмыстарының нәтижесі.


Кафедра жанында музыкалық-эстетикалық «Лира» клубы жұмыс жасайды.«Лира» клубы студенттердің эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамытып,өнерге,мамандығына қызуғышылығын арттыру мақсатында бірнеше үйірмелерді қамтиды.

 * * «Білім» лекторлық   клубы (жетекшілері: Р.Ә.Сүлейменова,С.А.Утешқалиев)

 * «Жайық толқыны» фольклерлық ансамблі-жетекшісі С.Ұ.Шналиев

* «До-Ми-Соль » балалар музыкалық театры –жетекшісі А.Р.Идрисова

* «Ақ желкен» вокалдық-эстрадалық үйірме –жетекшісі Р.Ж.Қуаншалиева

Бұл үйірмелер колледж және қалалық мерекелік шараларға белсене қатысып,түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

 

2015 жылдың 25-27 қараша күндері Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультетінің 70 жылдығына орай орта оқу орындары оқушылары арасында өткен «Дәстүр және даму» атты жас орындаушылардың республикалық фестиваль-конкурсында колледж тарихында тұңғыш рет 3 курс студенті Тұрсынғали Айхан қатысып, жүлделі ІІІ- орын иемденіп, лауреат атанды. Конкурс бағдарламасы бойынша – Халық күйі «Ақсақ құлан», Құрманғазы «Ақбай», Тәттімбет «Бес төре» күйлерін орындады.

Жетекшісі Е.Ш.Нұрымбетов. Бұл сайысқа респуликамыздың түпкір-түпкірінен музыкалық колледждерден 60 студенттер қатысты.Солардың ішінен біздің Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка кафедрасының студенті жүлделі орынға ие болуы –кафедра ұстаздарының жоғары нәтижесін көрсетеді.

Биылғы оқу жылында кафедраға « Негізгі музыкалық аспап домбыра» пәнінен Ахатова Э.С жаңа оқытушымен толықты.

Н.М.Нурушева 1б КШМ тобының жетекшісі, Идрисова А.Р- 3б КШМ тобына жетекшісі болып бекітілді.

Қыркүйек айында кафедрадағы музыкалық пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, жұмыс оқу бағдарламалары қайта қаралып, түзетулер енгізіліп, бекітілді.Оқытушылардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары мен сабақ жоспарларын құзіреттілікке сай құрылуын қадағалау-қыркүйек,қараша айларында жоспар бойынша отырыста талданып , қадағаланды.Болашақ музыка пәні мұғалімін дайындауда-аспапта ойнай білетін,әнді еркін сүйемелдеп орындай алатын,түрлі музыкалық үйірмелер мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білетін, құзіретті мұғалім әзірлеу басты міндет болуымен қатар, бүгінгі күннің талабына сай музыка пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдану аясын кеңейту, жаңа үлгідегі сабақ беру, әдістемелерді түрлендіру басты мақсат болып табылады.

Кафедра алдына қойылған осы мақсат- міндеттерді жүзеге асыру барысында оқытушылардың кафедра жоспарында жоспарланған сабақтары, оқытушылар әдістемелік, өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Жұмыс жоспарында бекітілген сабақтар мен әдістемелік баяндамалар

өзара пікір,тәжірибе алмасу мақсатындағы кестеге сәйкес өзара сабаққа қатынасу- жалпы саны 35сағатты құрады.

Біліктілігін арттыру:

Екінші санатқа өтініш бергендер:Өмірзакова Л.Қ Ерғалиева Ж.Р

Ерғалиева Ж.Р

«Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру» тақырыбы бойынша оқыту семинарына қатысты, және «Мұғалімдердің кәсіби әрекеттерін технологияландыру жағдайы ретінде электрондық оқулықтар негізінде сертификат алды.

Ахатова Э.С

01.09.2016 Бірінші қыркүйек – «Білім күні». Бірінші курстардың алғашқы колледж табалдырығын аттаған күні. Алғашқы қоңырау соғылып, « 1 б КШМ тобының студенті Болатова Айгүлім ән шырқап студенттерді құттықтады

Қазақстандық балуан қыз Екатерина Ларионова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Екатерина Ларионова коледжіміздің түлегі бірінші курс студенттерін қадамдарымен құттықтап сөз сөйледі.

1 б КШМ тобы студенттерімен « МЕН- ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН» атты тәрбиелік шара оздырылыды.

Тәрбие сағатының мақсаты:

- Студенттерді Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

- Студенттердің таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

- Студенттерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

 

1б КШМ тобында 19 студент бар12 ұл, 7 қыз бала.

Ж.Досмұхамедов атындағы колледж және Орал гуманитарлық-техникалық колледждер арасында бірігіп ұйымдастырылған спорттық шараға

 

17-қыркүйек колледж ұжымымен «Денсаулық күніне» кафедра оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, 3б КШМ тобының студенті Мұратбеков Самалбек «Алғыс хат» иеленді. 1б КШМ студенттері де өз шамаларына қарай әртүрлі сайыстарға қатынасты.

14.09- Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастырған «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына топ студенттері белсене қатынасып өз өнерлерін көрсеттіү Болатова Айгүлім, Оразбай Мөлдір,Ғафарова Наргиза .Жеңіс Жанботалар әндерін орындап,топ газетін шығарды

«Қазақ тілі» айлығында КШК топтарымен бірлескен «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында ұйымдастырылған шарада 1б КШМ студенттері өз өнерлерін көрсетті. 

Болатова Айгүлім, Оразбай Мөлдір Ғафарова Назеркелер әдемі әндерін орындады.

31.09.16жР.Ж.Қуаншалиева 3б КШМ студенті Мерекеева Индирамен және 1б КШМ

 

студенттері Ғафарова Наргиза,Болатова Айгүлім,Жұбанова Құндыздан «Наз» триосын құрып ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада өнерлерін көрсетті.

3б КШМ тобының хорын Л.Қ.Өмірзақова ұйымдастырып «Алматыға сәлем »әнін тарту етті. С.Ұ.Шналиев «Жайық толқыны» фольклерлық ансамблін құрып алғашқы номерлерін көрсетті. Сонымен қатар КШФ тобынан ер балалар хорын ұйымдастырып «Ұстаз» әнін орындатты.Н.М.Нурушева шағын орталық бүлдіршіндерінен

 

мерекелік флешмоб ұйымдастырып көрермен көңілінен шықты.

 

01.10.2016ж «Қарияларын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында әжелер ансамблінің әжелері кездесуге шақырылып, №22 аудиторияда ұйымдастырылды.Мақсаты: студенттердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға,Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

 

3б КШМ студенті И.Мерекеева «Әке,Ана» әнін орындады.

Әжелер өнегелі сөздерін айтып,қойылған сұрақтарға өте жақсы жауап берді. Жастар әжелеріне қарап өздерініе тәлім-тәрбие алды.

6-қазан «Ұстаздар» мерекесіне орай және колледж құрылтайшысы п.д. ғ. докторы академик Ш.Х.Құрманалинаның мерей тойына арналған мерекелік концертте 1б,3б КШМ тобының студенттері мен ұстаздары белсене қатынасып,оркестрде,хорда,жеке орындауларда өз өнерлерін көрсетті

 

Колледждің жастар ұйымының ұйымдастыруымен болған «Алтын күз» сайысында 1б КШМ студенттері : Айтбай Айдар мен Болатова Айгүлім қатынасып

1-өздерін таныстыру, 2-сән үлгісі,3- ас мәзірі, 4-мерекелік газет шығарудан қатарларынан қалыспай жүлделі ІІ-орынға ие болды.

 

 

27.10. күні Осы күні «Мзыкалық білім беру» мамандығы студенттері мен ұстаздар қауымына А.Амандықовпен кездесу ұйымдастырылып, колледжді бітірген аралықтағы Арматтың атқарған істерімен, шығармашылық жұмыстарын тыңдап, риза болысты. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, болашақта Астана қаласындағы Ұлттық музыкалық академияға қалай оқуға түсуге болатындығы, қандай дайындық керек екендігі т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

 

Кездесудің студенттерге таңдаған мамандықтары туралы, өз болашақтарына мақсат қойып, оған жету жолдары туралы ой салып, талпынуларына жетелейтіндей, тәрбиелік мәні болды.

27-қазан күні «Музыка кафедрасы» ұйымдастырған «Мәңгілік елдің өнерлі ұландары!» тақырыбында 1 курс студенттері арасында «Сенің жұлдызды сәтің!» өнер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жастарға музыка және көркемөнердің түрлі жанрларында өз өнерлерінкөрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу.

Байқауда өнердің төмендегідей жанрлары қамтылды:

-жүргізуші

-көркемсөз

-вокал

- музыкалық аспапта ойнау

-би

 

- жүргізуші

-көркемсөз жанры

 

-би( жеке ,топтық)

 

-аспаптық жанр;

 -вокал (жеке дауыста,дуэт,ансамбль);

 

Нәтижесінде :

Жалпы топ бойынша-І-орын 1б КШК

ІІ-орын 1б КШР

ІІІ-орын 1бКДО

-көркемсөз жанры

Жүргізуші:

Би

Аспапта ойнау

Вокал

КШК

І-КШР

КШО

КШР

КШИ

КДО

ІІ-КШК

КДО

КШМ

КШМ

КШР

ІІІ-КДО

РДО

КШМ

РДО

08.11.2016ж колледждің тәрбие жөніндегі директордын орынбасары К.К.Қосбаевамен , колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаевада осы студенттің жағдайымен танысты.Бірегей сөйлесіп, Есқалиев Азатқа бағаланбаған сабақтарды түзеуге мұмкіндік берілді және сабақтардан қалмауынын ескертілді.Осы аптада топ студенттері: Жеңіс Жанбота, Талпақов Нұр,Сағынтай Нұрдәулет Математика айлығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Білімдер сайысында» «Зерек»номинациясымен марапатталды.Және осы сайыста жеке өнерлерін көрсеткен: Жеңіс Жанбота, Сағынтай Нұрдәулет «Алғыс хатпен» марапатталды.Топ студенттері Оразбай Мөлдір, Талпақов Нұр,Сағынтай Нұрдәулет, Жаналы Ғасырхан «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты «Информатика кеше, бүгін, ертең» сайысына қатысып жүлделі 2- орын иегерлері болды.

11.ХІ.1б КШМ топ студенттері: Гафарова Наргиза, Жаналы Ғасырхан, Серіккалиева Алина, Кубаев Айдар,Жубанова Қүндыз ,Сағынтай Нұрдәулет, Физика пәнінен сайсқа қатыстысып 1- орынмен марапатталды. Серіккалиева Алина, Жеңіс Жанбота қобыз және домбыра аспаптарында дуэт құрып Құрманғазының «Ата толғауы» шығармасын орындап марапатталды. Топ 11 қарашада М.Горький атындағы кітпханасында өткен «Қаржы және ақша» атты шараға қатысып, ақшаға байланысты мәлімет алды.

 

Педагогикалық практика

3б КШМ тобы әдіскер А.Р.Идрисованыңжетекшілігімен, №49 «Ақниет» балабақшасында өткен байқау машығында Мерекеева И,Нигметова Г,таудаева Инабаттардың «Күз-жомарт» тақырыбындағы сабақтарында музыкалық аспаптар, ойын атрибуттарын, интернет көздерін, интерактивтік тақта мүмкіндіктерін пайдаланып кіші, орта, ересек топтарда сабақтарын өткізді. Күз тақырыбына арналған «Алтын күз » мерекелік ертеңгілігін тамашалап, талдады.

30-қарашада М.Горкий атындағы қалалық кітапханасына оқытушы А.Б.Жардемова басқарып барды. «Тәуелсіздіктің 25-жыл» орай 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу шарасына қатысып

- «Туған жер» әнін

Айтбай А,Кубаев А,Серікқалиева А,Оразбай Мөлдірлерден құрылған квартет (жетекшісі Ж.Р.Ерғалиева) өз өнерлерімен көпшілікті риза қылды.

3б КШМ тобы 1-қыркүйектен бастап аптаның әр сәрсенбісінде №49 «Ақниет »м.д.ұйымда балабақшадаға байқау практикасын өткізуде. 1-аптада ұжыммен,директоры А.С.Убишева және музыка жетекшілерімен танысып, балабақша тәртібі,қойылатын талаптары туралы мәліметтер алды. Музыка жетекшісінің күнтізбелік –тақырыптық жоспары бойынша тапсырмалар алып құрылған кете бойынша ұйымдастырылған оқу-іс әрекетін ұйымдастырды.

30-қарашада 3б КШМ тобы балабақшадан байқау практикасында Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды

 

Негметова Гүлжазирамен Таудаева Инабат шараны жүргізді.Қадырболатов Ақжол «Туған жер » әнін орындады.

 

«Әдемі ай» ансамблінің орындауында «Атамекен» әні орындалды, аспапты ансамбльдің орындауындағы «Келіншек» күйін бүлдіршіндер зор ықыласпен тыңдады.Көрермен бүлдіршіндер мен балабақша ұжымы ризашылықтарын білдіріп машықкерлерге алғыс айтты.

 

6-желтоқсан «Ұлы дала балаларымыз!» домбырашылар флешмобы колледж дің 2-қабатында және 1-қабатындағы алаңында 1-3б КШМ студенттерінің күшімен ұйымдастырылды.(жет: А.Р.Идрисова,Шналиев С.Ұ)

Мақсаты: Халқының тәуелсіздігінің 25-жылдық тойында жеткен жетістіктеріне өз өнерлері н көрсетті.

Күннің екінші жартысында №2 аудиторияда «Тәуелсіздік –тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабының

 

«Қаһар»ІІІ-бөлімі бойынша көрініс қойылды .Бұған 1б КШМ студенттері: Кенесары бейнесін -Анесов Нұрболат,

Юсуп-Жүсіп бейнесін -Сағынтай Нұрдәулет,

Сыздық бейнесін -Талпақов Нұр,

 

Қараүлек бейнесін -Кунебаев Медеттер сомдап шараға белсене қатынасты.

 

Көрініс соңында «Ж айық толқыны» фольклерлық ансамблі «Ата толғауы»күйін орындап ,бүгінгі тақырыпқа сай көңіл-күй сыйлады. Колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Қосбаевалар кафедра оқытушылары мен студенттеріне құттықтау лебіздерін айтып,жасаған жұмыстарына жоғары баға берді.

8-желтоқсанда «Жастар мәдениет үйінде» Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжімен бірге Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы бірлесе Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25-жылдығын арналған мерекелік шара өткізілді.

Бұл шараға «Астана» әнімен «Наз» 1б КШМ триосы (жет: Р.Ж.Қуаншалиева),

 

«Ұлы Отан» А.Дүйсенов,Ф.Оңғарсынованың әнімен 3б КШМ студенті Мерекеева Индира (жет:Р.Ж.Қуаншалиева),

«Туған жер» 1б КШМ квартеті (жет:Ж.Қ.Ерғалиева) және оркестрге «Жайық толқындары » фольклерлық ансамблінің мүшелері қатынасты (жет:С.Ұ.Шналиев).

 

Колледж ұжымының еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

9-желтоқсан. Колледжде ҚР Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.Бұл шараға

1.«Қазақстан »А.Қоразбаевтың әні Хор ұжымы жет:Н.М.Нурушева

 

2.«Астана» әнімен «Наз» 1б КШМ триосы (жет: Р.Ж.Қуаншалиева),

3.«Ұлы Отан» А.Дүйсенов,Ф.Оңғарсынованың әнімен 3б КШМ студенті Мерекеева Индира (жет:Р.Ж.Қуаншалиева),

4.«Туған жер» 1б КШМ квартеті (жет:Ж.Қ.Ерғалиева) ,

 

5.«Жайық толқындары » фольклерлық ансамблі(жет:С.Ұ.Шналиев).

 

6. «Рота подьем» дуэт Талпақов Нұр,Сағынтай Нұрдәулетқатынасып өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты. КШФ тобының студенттері «Атамекен »әнін орындап шықты(жет:С.Ұ.Шналиев)

 

Мерекелік шара соңында колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева сөз сөйлеп ұжымды,студенттерді тәуелсіздіктің 25-жылдық мерекесімен құттықтап,белсенді қатысқан топ жетекшілерін 1б КШМ тобының топ жетекшісі Н.М.Нурушеваны т.б. құттықтады.М.Горкий атындағы қалалық кітапхана қызметкері колледж ұжымына және оқырмандары студенттерді мерекемен құттықтап, рахметін айтты.

 

14-жетоқсан 2016ж 3б КШМ студенттері қалалық көзі нашар көретін адамдарға арналған кітапханада Тәуелсіздіктің-25жылдығына орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.Шараның жүргізушісі облыстық филормонияның әртісі Камаллиден Асылбеков болды.Көрермендер ризашылықтарын айтып,батасын берді.

 

2016жыл 22-желтоқсанда Ақтөбе облысында өткен «Золотой микрофон»

Республикалық конкурсында музыкалық білім беру мамандығының 3б КШМ студенті Мерекеева Индира жүлделі І-орынды иеленіп келді.(жетекшісі Қуаншалиева Раушан Жардемова)

 

Мерекеева Индирамен жетекшісі Раушан Жардемованы ,кафедра меңгерушісі А.Р.Идрисованы колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева құттықт ап,алдағы уақыттада бұдан да биік жетістіктерге жете берулеріне тілек білдірді.

 

28-желтоқсан колледж ұжымының бүлдіршіндеріне арналған Жаңа жылдық ертеңгілік кафедрадағы «До-Ми-Соль» балалар музыкалық театрының (жетекшісі А.Р.Идрисова)күшімен ұйымдастырылып ,бүлдіршіндер ризашылығына ие болды.Театр мүшелері Аяз Ата мен Ақшақар,

жүргізуші болып және «Өжет қораз » ертегісінен қойылым қойды.

 

 10-желтоқсан 1-3б КШМ тобының студенттерінен «Негізгі музыкалық аспап» пәнінен техникалық тыңдау өткізілді.

 

Нәтижесінде оқытушы

Э.С.Ахатовнаың класы:1б КШМ тобы: 100-үлгерім: 92,3- сапа: 4,3-орта балл:

2в КШМ тобы:100 үлгерім; 50-сапа; 3,5- орта балл

3б КШМ тобы100 үлгерім: 100 сапа: 4,5 орта балл

С.Ұ.Шналиев класы: 3б КШМ 100-үлгерім: 60- сапа:3,8- орта балл:

2в КШМ тобы:100 үлгерім; 50-сапа; 3,5- орта балл

1б КШМ тобы:100 үлгерім: 67- сапа: 4,0- орта баллмен аяқтады

Бітіруші түлектердің мемлекеттік практика алдындағы әдістемелік папкасы қорғау барысында көптеген жұмыстар жүргізілді. Оған колледж әдіскерлерімен бірге кафедра оқытушылары да бірге жұмыстанды.

КДО,КШО,РДО,РШО топ студенттеріне «Музыка және музыкалық оқыту әдістемесі» пәнінен көмек көрсетілді.

Аралық аттестация қорытындысы бойынша

0108000 «Музыкалық білім беру» бөлімінің 2016-2017 оқу жылындағы көрсеткіші

1б КШМ тобының көрсеткіші: сапа - 84; үлгерім -100 ; 4,2- орта баллмен

Өзара сабақтарға қатысу:

- 11 қараша күні кафедра меңгерушісі А.Р.Идрисова-«Қосымша аспап (фортепиано)» пәнінің оқытушысы Өмірзақова Л.Қ 3б КШМ-тобының студенті Уалиахмет Гайсамен өткізген сабағына қатынасты.

Сабаққа қатынасу мақсаты:

-оқытушының әдістемелік шеберлігін байқау,сабақтың өтілу деңгейін саралау,әдістемелік көмек көрсету.

Сабақ оқушының техникалық ойнауын дамытатын C-dur тональдігіндегі гаммма,жаттығулардан басталды.

Үй тапсырмасы тексерілді: Б.Ғизатов «Әліппе» , «Біз өмірдің гүліміз», Д.Кабалевский «Ежик».

Жаңа тақырып:

- «Елтаңбасы елімнің» әні м.д.м. ересек топтарына арналған

- латыш х.әні «Вей, ветерок» ноталық жазылымды талдаумен жұмыс жүргізілді.

Оқытушыстуденттердің аспапта ойнау дағдыларын меңгерту үшін репертуар таңдауда қателіктер жібермеген, сонымен қатар «Хор класы», «Дирижерлау» сабақтары репертуарын кірістіріп, пәндерді өзара байланыстыру талабын ескерген. Шығарманың динамикалық реңктерін ескере отырып, шығарманы көркем мәнерлеп орындауға бағыттау жұмыстары жүргізілді.

Кафедра меңгерушісі ретінде әдістемелік көмек-кеңестер берілді . Мұғалім студенттің музыкалық дайындықтары деңгейін есепке ала отырып, кәсіби дағдыларды жинақтауда төмендегідей міндеттерді қоюы керек:

-саусақтардың тез қозғалысын дамыту;

-музыкалық мәтінді ұқыптылықпен ойнауға дағдыландыру;

-штрихтарды дәлдікпен орындау;

-аппликатураны меңгерту.

Оқытушы Л.Қ.Өмірзақова студенттермен жұмыстанғанда осы міндеттерді сақтаған. Мектепке дейінгі репертуармен жұмыс жүргізу барысында материалды меңгерту үшін ән әуендерінің ырғақтық-метрлік қиындықтарын жете меңгерту және кантиллендік орындау дағдысын қалыптастыру,аспап дауысын ести білуге көбірек көңіл аудару туралы кеңес берілді.

Алдағы жұмыстарында әуендерді гармонизациялау, сүйемелдеуді жеңілдетіп қарапайым әуендерді ұстамды аккордтармен демеп отыру дағдысын қалыптастыра біліп, ырғақтық пульсация, түрлі гармониялық фигурацияларды қолдана біледі.Л.Қ.Өмірзақованың сабақ өткізуі талапқа сай, студентпен өзара психологиялық қарым-қатынас жақсы орнаған, студенттің аспапты меңгеру нәтижесі қанағаттанарлық деңгейде.

Сабақ соңында барлық шығармаларға байланысты кеңестер беріліп,пікір алмасылды.

12.11.2016ж бірінші санатты оқытушы Н.М.Нурушеваның «Қосымша аспап» фортепиано сабағында Идрисова А.Р 2вКШМ тобының студенті Негметова Гүлжазирамен өткізген сабағына қатысып,өзара пікір алмасты.

Сабақ C-dur гаммасын ойнау жаттығуларынан басталды. Оқытушы студенттің қол,саусақ буандарын бос ұстауына, аппликатураны сақтап ойнауына көңіл бөлінді.Кригер «Менует» шығармасымен жұмыс барысында Legato штрихын сақтап (дыбысты біркелкі жүргізу) орындауын, ұзақ ноталарды санап ойнауын қадағалады.П.И.Чайковский «Вальс» шығармасын мұғаліммен ансамблде орындалды. Шығарманың ырғағын, нақты бастауды анықтатты.

04.12.2016ж оқытушы Н.М.Нурушева «Негізгі аспап (баян)» пәнінен оқытушы С.Ұ.Шналиевтың 3бКШМ тобының студенті Мерекеева Индирамен өткен сабағына қатысты.Сабақ C-dur,G- dur, F-dur-гаммаларымен,арпеджио,аккордтармен жұмыс жасалды. Жұмыс барысында мехты дұрыс жүргізу,аппликатураны сақтауды ескерте отырып,шығармамен жұмыс жасалды.

К.Черни «Этюд» -шығармасымен жұмыс барысында студенттің техникалық ойнауын дамытуда шығарманың әр бөлімін таза,нақты ойнауды талап етіп, өзі ойнап көрсетуі арқылы тиісті нәтижеге жетіп отырды.

А.Затаевич «Қазақ маршы» -шығарманы оқушы әлі толық меңгермеген, жұмыстануды қажет етеді. Орташа жылдамдықта, марш екпінімен орындау, аппликатурасын сақтау қажет.

FaLang translation system by Faboba