2021 жылдың 10 ақпан күні колледжіміздің оқу-әдістемелік жоспарына сай «Жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында семинар-практикум оздырылды. Семинар-практикумға колледжіміздің жалпы білім беретін және арнайы пән оқытушылары қатысты. «Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі» демекші, семинар барысында оқытушыларға арналған тренингтер, жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданып жүрген әдістері бойынша шебер-сыныптар, коучингтер өткізілді, сондай-ақ іс-тәжірибе алаңында ұстаздар кездескен қиыншылықтар мен көкейде жүрген сұрақтарын ойталқыға салып, пікір алмасты.

FaLang translation system by Faboba