09 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан жастар қанаты» бастауыш бөлімшесінің белсенді студенттері қалалық Жұбан Молдағалиев атындағы кітапханада оздырылған ақиық ақын, Хантәңірдің Мұзбалағы атанып кеткен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Жыр жауһары Мұқағали» атты әдеби кешке қатысты. Кештің мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Белсенді студенттер ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырларды, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1а КШК топ студенті Тақанова Ақжүніс ақынның рухын бағыштау ретінде өз туындысынан «Ақын» атты өлең жолдарын арнады. Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүреді деген ниетпен кештің соңы әсем әуезді әнмен аяқталды.

 

FaLang translation system by Faboba