23 мамыр 2019 жылы бітіруші түлектер арасында Орал гуманитарлық-техникалық колледж құрылтайшысы, п.ғ.д Шалқыма Хайроллақызы Құрманалинамен «Өсиет-өмір өзегің» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: білім мен еңбекті ұштастырып, іскерлігі мен біліктілігін, адами қасиеттері жарасқан колледж құрылтайшысының өмірбаяны және ғылыми еңбек жолдарымен танысу. Ш.Х.Құрманалина жастарға өзінің өмірден тоқығаны мол тәжірибе жүзінде жинақталған ғылыми жұмыстарымен таныстырып қана қоймай, қазіргі жаһандау заманында ары мен намысын жоғары қойған қазақтың ұл-қыздарын тәрбиелеуде мәнді де мағыналы өсиет білдірді. Жастарға өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ деп шара соңында қорытынды тілек айтты.

FaLang translation system by Faboba