09.04.19 күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін «Хабар» телеарнасынан Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұстаздар ұжымы және жоғарғы курс студенттері тікелей эфирден тыңдады. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысқандығын, бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдағаны туралы айтып өтті.

FaLang translation system by Faboba