25.02 күні, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Л.А Нагимова мен Д.К.Гумарова Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ барып, «Мамандығым өмір жолым» атты тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп директорының міндетін атқарушыИманғалиева Райгүл Тасболатқызы,директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Ақылбекқызымен жүздесіп, кәсіби-бағдар беру жұмысының мақсаты, маңызы туралы кеңесті. 9а, 9ә, 9б, 9в,10а,11а, 11ә, 11б сыныптарына кіріп, ОГТК мен таныстыру слайдын көрсетіп, жас талапкерлерді колледжге білім алуға шақырды.Сонымен қатарсынып жетекшілеріне мамандықтар туралы толық мағлұмат беріліп, қосымша мандандыру туралы айтылды. Колледжге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс, грант бөлімінде оқуға да колледжде мүмкіндік бар екені мектеп оқушыларына түсіндірілді. Оқытушы Л.А.Нагимова талапкерлерге арналған колледж сауалнамасын жүргізді. Мектеп оқушылары колледж мамандықтары туралы сұрақтарын қойып, тапсырылатын емтихандар туралы мәлімет алды.Колледждің мекен-жайы мен байланысын телефондары, интернет желісіндегі сайты туралы толыққанды мәлімет алды. Барлық оқушыларға колледж флаэры табысталды.

FaLang translation system by Faboba