9 қаңтар күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жаңартылыған білім беру бағдарламасына сай сабақты жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік тәжірибе алмасу сағаты өтті. Тәжірибе алмасу сағатын мектеп мұғалімдері өткізді. Бірінші №21 ЖОББМ мұғалімі О.В.Иванова сөз алды. Өзінің баяндамасында мұғалім жаңартылған білім берудің енгізген жылы, міндеттері мен әдістерін ашты. Содай-ақ өз тәжірибесімен бөлісіп, 1 сынып балаларымен жұмыс жасаудағы жетістіктері мен қиыншылықтары жөнінде баяндап берді.

Әрі қарай №7 ЖОББМ мұғілімдері сөз алды.Бірінші мұғалім Г.У.Аққереева жаңартылған білім берудегі нормативті құжаттар, олардың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Өзінің баяндамасында мұғалім презентация материалдарын пайдаланып, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын сипаттады. Сондай-ақ семинар қатысушыларына бағалау түрлері, дескриптор туралы ақпарат берілді. Келесі баяндаушы М.Р.Жакиянова жаңартылған білім беру барысында қолданылатын технологиялар туралы айтты. Мұғалім  проблема шешу, тәжірибелік-зерттеушілік, арт, кейс  және тағы басқа технологиялары кеңінен қолданылатынын айтты. Жаңартылған білім берудегі жетістіктері туралы айта отырып, Мадина Рызбековна бағалауда балалардың өзін-өзі бағалау, бір бірін бағалау «бас бармақ», рефлексия әдістерін қоланатынын, сондай-ақ топтық жұмыс барысында балалардың бір бірімен тіл табысуға үйретенітін, адамгершілік қасиеттерінің тәрбиеленетіні жөнінде мысалдарды келтіріп, бөлісті.

Семинар қатысушылары берілген ақпарат бойынша сұрақтарын қойды, жүргізушілерден нақты және толық жауап алып, келгендері үшін алғыс және алдағы жұмста табысқа жетуге тілек білдірді.

 

FaLang translation system by Faboba