13.12.18 күні Ұлы дала елінің Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесі  қарсаңында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Тәңірдің тәтті сыйы - тәуелсіздік» атты 3-4 курс студенттерімен бірлесе отырып шара оздырылды. Шараның мақсаты студенттерге бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, студенттерге патриоттық тәрбие беру. Шараны колледж жанынан ұйымдастырылған «Жас қалам» клубының белсендісі, «Болашақтың ғалымдары» атты  республикалық  студенттердің ғылыми жұмысы   конкурысында 1-дәрежелі дипломының иесі 3бКШК топ студенті Едігенов Нұрлан тәуелсіздікке арнап өз туындысын орындап, музыка кафедра үйірмесінің «Жайық толқыны» фольклорлық ансамблінің 3бКШМ топ студенттері өз өнерлерін көрсетті. «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 4бКШФ топ студенттері және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алатын 4бКШИ және 4бКДО, 4бКШО топ студенттері  дүниені дүр сүлкіндерген желтоқсан оқиғасына арнап шағын көрініс ұйымдастырып, көрерменнің жанын рухани байытты.

Колледж дәлізінде Тәуелсіздік мерекесінің 27 жыл толуына орай 1-3 курс аралығында бұрыштамалар және жар газеттері ұйымдастырылып, әрбір топтарда тәрбие сағаттары оздырылды.

FaLang translation system by Faboba