Бүгін, 29 қараша күні орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1аКШИ, 4бКШК тобы студенттері мен кураторы К.К.Қосбаеваның ұйымдастыруымен «Тұлғасы елбасының жеке дара» атты 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай ашық сыныптан тыс шарасы оздырылды. Тәрбие сағатының мақсаты Елбасының өмір жолын, ерекше қабілетін, шешендігін, ел басқарар көсемдігін жас ұрпаққа таныту болды. Шара тарихқа шолу негізінде «Шежірелі жылдар» викторинасынан басталды. Студенттер елбасының дүниеге келуінен бастап, түгел өмір жолын, еңбек жолын, отбасын қызықтыра баяндады. Елбасының жан-жақты қыры ашыла түсті. Әсіресе, елбасының ақындық, жазушылық, композиторлық қыры нақты ашылды. Елбасының «Үш қоңыр» әні, ҚР-ның  әнұраны,  бос уақытында қалам тербеген өлеңдері оқылды. Елбасына арналған ақындардың да өлеңдері айтылды. Тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. «Шара көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды. Студенттерге зор рух беретін, тәлім тәрбиелі өнегеге толы  сабағы жоғары деңгейде өтті!

FaLang translation system by Faboba