30 қазан күні колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3,4 курс студенттеріне арналған «Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуінің мәселелері» – әдістемелік нұсқаулық семинар ұйымдастырылды. Семинарды «педагогика, психология» кафедра оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Т.У.Маденова өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жаңалықтарымен таныстыру мақсатында №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі, 2017-2018 оқу жылының түлегі Маусымжан Жұмабайқызы Иманбаева, Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталық ІІ санатты  тәрбиешісі Ұлжан Серікқалиқызы Қуантаева, қатысып, таныстырды. 

Ұлжан Серікқалиқызы Қуантаева студенттерге мектепке дейінгі ұйымдарындағы жылдық жоспар, апталық жоспар және сабақ жоспарын құрастыру ерекшеліктерімен таныстырып, мысал ретінде дайындаған презентациясын жариялады. Сондай-ақ студенттермен практикалық жүзінде ойындар ұйымдастырды. Маусымжан Жұмабайқызы Иманбаева студенттерді балалардың бес сала бойынша білім деңгейін анықтау диагностика-индикатор жөнінде түсінік беріп, практикалық жүзінде қарай құралатының өз тобын мысалға алып көрсетті. Сондай-ақ өзінің жұмыста қолданатын көрнекі дидактикалық материалдарын көрсетіп, практикалық жүзінде қолданатын ерекшеліктерін таныстырып өтті.

 

FaLang translation system by Faboba