Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы жанындағы «Мирас» клубы Қ.Р. Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауына талдау бағытында  шара өткізді. Шараға «Мирас» клубының мүшелері және кафедра оқытушылары қатысты. Шара барысында студенттерге жолдаудың басым бағыттары туралы ақпараттармен таныстырылды. Елбасының жолдауы  мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған. 3бКШК топ студенті Едігенов Нұрлан, 3бКШИ тобы Анесова Сафия, 2аКШФ тобы Көшкенғали Рахат жолдаудың негізгі бағыттарына шолу жасап өтті. Клуб мүшелері Елбасының жолдаудағы жастар мәселесіне басым қадамдар туралы сөз қозғап, өз ойларын білдірді. Қазіргі жастар – ертеңгі елдің болашағы, сондықтан әр азамат өз елінің саналы азаматы, білімді, белсенді тұлға ретінде қалыптасуы қажет,ол үшін мемлекетте білім мәселесі басты орында болары сөзсіз. Жолдау талдау барысында студенттер зор қызығушылықпен қатысып, белсенділік таныта білді. 

FaLang translation system by Faboba