2018 жылдың 19 қазан  күні «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Т.У. Маденова 4бКДО және 4бРДО  тобында  «Бейнелеу өнері негізі мен оқыту әдістемесі» пәнінен «Ересектер тобындағы жапсырмалау» тақырыбында АКТ-ны қолданып сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы дамыта оқыту технологияны пайдаланып, балабақшадағы ересек балалар тобындағы аппликация ерекшелігін, оның түрлері және оқыту әдістемесі туралы түсінік берді. Бекіту барысында топтық жұмысты ұйымдастырып, студенттер табиғы материалдар арқылы аппликация жасап шығармашылық жұмысты  орындады. Сабақ соңында студенттердің жұмыстары талданып, тиісті бағалар қойылды.

FaLang translation system by Faboba