16.10.2018ж күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2курс студенттерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөлімінің жпқ жопт упи полиция аға лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевич және Ахметов Асылбек Нурлановичпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Қаламызда жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар көбірек кездесетінін және оларды азайту үшін қандай шаралар жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар құқық бұзушылық болған жағдайда қандай жазалар қолданылатынын, қанша айыппұл салынатынын, қай жастан бастап құқықтық жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

FaLang translation system by Faboba