3 қазан күні педагогика, психология кафедрасының оқытушылары  Маденова Т.У. және Сарсенгалиева А.Б. айлық аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 2,3,4 курстарға арналған «Тәрбиеші мейірімді жүрек» атты шараны «Сыр – сұхбат» түрінде өткізді. Шараға қонақтар ретінде Орал гуманитарлық-техникалық колледждің 2018-2019 жылының түлектерін, қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «педагогика, психология», «грант» бөлімінің студенті Темирбулатовой А., Орал қаласының №34 М.д.Ұ. тәрбиешісі Иманбаевой М. шақырылды. Шара барысында  қатысушы қонақтар, колледж оқытушысы Маденова Т.У. экспресс сұрақтарға жауап берді, «тәрбиеші» мамандығына арналған өлең жолдарын оқыды, сондай-ақ қатысушы студенттермен қонақтар логикалық тапсырмаларды және табиғи материалдарынан «Мейірімді бала» атты шығармашылық композицияны  орындады. Қортынды сәтінде  «Еркін микрофон» арқылы қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісті. 

FaLang translation system by Faboba