«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, қазіргі заман ұл мен қыз тәрбиесіне ерекшк мән беруді қажет етеді.Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті,әдепті бағалай білген. Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала,қайда болса да,келін болғанда да көргенділігін көрсетеді.Ал,жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет,батыл,адал жеріне туған халқына ыстық ықыласты,үлкенге де,кішіге де қамқор бола білген.Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануымыз қажет.

 19 қыркүйек күні  Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттері Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының  Достық үйінде өткен Аналар кеңесінің отырысына қатысты.

Аналар кеңесінің отырысын Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің құрылтайшысы, п.ғ.д. Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы  ашып, жүргізіп отырды. Халықтық тәлім - тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу,  қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білуұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу, ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты, отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелеу мақсатында баяндамалар оқылды.

FaLang translation system by Faboba