Оқу жылының  алғашқы аптасында «Қазақ, орыс тілі кафедрасының»студенттердің өз ана тіліне деген құрметі мен тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілде таза сөйлеуін дамыту, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, сонымен қатар Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 20 жылдығына орай «Ақыл - ойын дананың, колледжім, сенен аламын!»атты кафедра айлығының  ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 

Салтанатты шараны  кафедра меңгерушісі Ж.К.Кадиралиева ашты. Кафедра оқытушылары К.К.Косбаева, Л.А.Нагимова айлық жоспарымен таныстырып, болатын іс-шараларға колледж студентерін белсенді қатысуға шақырды. 2бКШК тобының студенттері Б.Канаева ақын М.Шахановтың «Төрт ана»», А.Наурызбаева  М.Мақатаевтың «Үш бақытым»», А.Дуйсенова «Язык наш прекрасный» т.б. ана тілі, туған жер туралы өлеңдерін оқыды.

 Апта барысында кафедра оқытушылары К.К.Косбаева мен Ж.К.Кадралиева Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында  тілдер басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тіл-тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл  фестиваліне көрермен ретінде қатысты. Фестивальде әр сала бойынша тіл жанашырлары марапатталып, облыс өнерпаздарының концерті тамашаланды

FaLang translation system by Faboba