2 маусым күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жыл студенті- 2018» байқауы өтті. Бұл байқауға колледждің бітіруші 10 топтың студенттері қатысқан. Байқау 4 бөлімнен тұрды:

1-бөлім“Түлектің кәсіби портфолиосының көрмесі”

2-бөлім Презентация (мамандықпен таныстыру);

3-бөлімОқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы;

(5 минуттық сабақтан үзінді көрсету)”

4-бөлім Түлектің жеке өнерін көрсетуі;  Қатынасқан 10- түлектің ішінен «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша 4б КШМ тобының студенті Мерекеева Индира топты жарып жүлделі «Бас жүлдені» жеңіп алды. Топ жетекшісі, студентті әзірлеген Идрисова Алма Рахатовнаға колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина Алғыс жариялады.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4б КДО тобының стденті Темирбулатова Аяулым Манарбековна қатысып байқау нәтежесінде І дәрежелі дипломға ие болды.

«Шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша 4 бКШИ тобының студенті Мұратова Гулайым Жанұзаққызы «Жыл студенті-2018 » байқауына қатысып жүлделі ІІ орын

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 4бРШФ тобының студенті Садыков Шайнур Жанатович III орынды иеленді.

Сондай-ақ «Жыл студенті-2018» байқауына 4бКШК тобының студенті «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі,”Ақберен” ақындар мектебінің түлегі, жас ақын,Фариза, Абай, Шәкәрім оқуларының республикалық лауреаты,Қапшағай қаласының «Балдаурен» РОСО-ның тәрбие кешенінің ұйымдастырушысы Қайрат Әсемгүл Манасқызы қатысып колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина «Жан- жақты» деген номинациямен марапаттады.

Сонымен қатар Әсемгүл Бірінші бөлім “Түлектің кәсіби портфолиосының көрмесі”  бойынша «Балдаурен» РОСО-ның тәрбие кешенінің ұйымдастырушы – ұстазы ретінде мемлекеттік машықтан өткені туралы- айтқан болатын.

«Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығы,тәрбие кешенінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы балалар демалысын ұйымдастырудағы бағдарламаны жүзеге асыру барысында белсенділік көрсетіп,әріптестік қарым-қатынас жасағаныныз үшін колледж директоры Утарбаева Ляззат Жетібайқызына шығармашылық табыс тілеп, алғыс хат, сонымен қатар «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығы, тәрбие кешенінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы дайындаған машыққкер өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерін көрсеткені үшін директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Жоңқарбаева Жанат Жұмагереевнаға, әдіскерлері А.Т. Зайнуллинаға, Ж.Қ.Кадиралиеваларға алғыстарын білдіріп, алғыс хаттарын жіберді.

Екінші бөлім Презентация (мамандықпен таныстыру) Әсемгүл өзінің Орал гуманитарлық-техникалық коллежіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын неліктен таңдағанын,өзінің кураторы Л.А.Нагимоваға, әдіскерлері А.Т.Зайнуллинаға, Ж.Қ.Кадиралиеваларға білдірген алғысын көрініс арқылы көрсетті.

Үшінші бөлім “Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы (сабақтан үзінді көрсету)” әдіскері Ж.Қ.Кадиралиева, Қазақ тілі пәнінен 6-сыныптың оқушыларына “Сын есімнің мағыналық түрлері” тақырыбында сабағын көрсетті.

FaLang translation system by Faboba