17 мамыр күні Орал қаласының «Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжінде «Жол картасы 2018 педагог кадрлардың шетелде біліктілігін арттыру іс-тәжірибесін тарату» қалалық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына колледж директорының ОІ жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жоңқарбаева мен арнайы пән оқытушысы А.Б.Сарсенгалиевалар қатысып келді.

Семинар бағдарламасында шетелге біліктілігін арттыру курстарына барып келген модераторлары өздерінің тәжірибелерімен қатысушылармен бөлісті. Бірінші Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің директордың оқу-әдістемелік орынбасары Финляндия мемлекетіне барып келген К.А.Искакова сөз алды. Бұл модератордың баяндама тақырыбы: «Финляндияның техникалық және кәсіптік білім беру тәжірибесінен». Бұл баяндаушы Финляндия мемлекетіндегі білім беру жүйесінің Қазақстан Республикасынан айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтты.

Екінші баяндамашы – Орал газ-мұнай және салалық технологиялар колледжінің электротехниканың теориялық негіздері пән оқытушысы А.Н.Галиаскарова, тақырыбы: «CLIL – оқу үрдісінде пайдалану»

Оқытушы баяндамасында қандай да болмасын сабақта ағылшын тілінің элементтерін пайдалану жолдарын шеберлік класс арқылы көрсетті. Қатысушылармен баяндаушы кейбір практикалық әдістерін көрсетті.

Үшінші баяндамашы - Орал газ-мұнай және салалық технологиялар колледжінің ақпараттық пәндер оқытушысы Л.Е.Рамазанова, тақырыбы: «Мобильдік қосымшалар заманауи білім беру үрдісінде». Баяндаушы мобильдік қосымшалардың пайдасын және қалай қолдануға болатындығы туралы түсіндірді. Түсіндірген бағдарламалардың ішінде тестілік тапсырмаларды тексеру, ағылшын тілін оқу және т.б.

Төртінші баяндамашы – технологиялық колледжінің «Ұн, кодитерлік өнімдер технологиясы» арнайы пәндер оқытушысы И.А.Жұмагалиева, тақырыбы: «Чех тағамдары». Оқытушы Чехия мемлекетіне барған саяхаты және онда өткен біліктілік арттыру курсы туралы әңгімелеп берген. Сондай-ақ бұл мемлекетте білім беру жүйесінің ерекшеліктері, соның ішінде барлығы ақылы екендігін және қалай түсуге болатындығы туралы айтты.

FaLang translation system by Faboba