Қазақ халқының ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытып, көпшілік алдында өзін – өзі  ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында және Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  15 наурыз күні колледждің 1-2 курс қыздары арасында «Ақ моншақты аруым!» атты сайыс оздырылды.

Алдын ала ұйымдастырылған  іріктеу кезеңінен өткен 6 бойжеткен шараның 6 кезеңі бойынша өзара сайысты:

1. «Мен қазақтың қызымын» - өзін таныстыру.

2. «Шеберлікте шек жоқ» –нан ысу, дастарқанды безендіру үлгілері

(салфетка орау) 

3. «Зерделі болса үкілім...» -салт-дәстүрге байланысты жағдаяттан            

шығу    сұрақтар  

4. Құпия сайыс

5. «Өнерліге өріс кең..» - өнер сайысы

6. «Шолпысыз сылдырлап...» – ұлттық киім сән үлгілері.

«Ақмоншақты аруымІ» сайысы қорытындысы бойынша Бас жүлдені 1в КШК тобы студенті Исламғалиева Әсемгүл Асхатқызы, І орынды Батырғалиева Аяжан Арманқызы»(2б КШТ), ІІ орынды Темірғали Нұрай Абзалқызы(1б КШИ), ІІІ орынды Кинжебаева Ляззат Бақытжанқызы(2б КДО) және «Сымбатты ару» номинациясымен Мерғалиева Айзада Тарғынқызы(2б КШО), «Көрермен көзайымы» номинациясымен Өмірова Аруна Асланқызы(2б КШИ) марапатталды. Шараға көрермен ретінде 130 студент қатысты.

FaLang translation system by Faboba