8 ақпанда педагогика, психология кафедрасы оқытушы Б.Е. Ерболат «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің 2 курс  студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сен құқығыңды білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.  Шараға қалалық Абай ІІБ-нің полиция қызметкері, учаскелік инспектор Т.К.Сандибеков қатысып, студенттерге құқықбұзушылық – бұл міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс-әрекеттер екенін, оның өзі оқу орындарында сабаққа кешігу, сабақта сөйлеу, мұғалімге қарсы келу, мекемелер бекіткен оқуды , тәртіпті бұзудан басталатынын айтты. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдірдің кешкі 23.00-ден кейін жауапты тұлғасыз жүрулеріне болмайтынын, одай жағдайда жауапқа тартылатынын ескертті. Қандай да тұлға Еңбек кодекісіне, ішкі тәртіп ережесіне, колледж Жарғысына бағынулары керек екендігіне де тоқталды. Сонымен қатар студенттер де учаскелік инспекторға көкейтесті сұрақтарын қойып, құқық туралы білімдерін толықтырды.

FaLang translation system by Faboba