7 ақпан 2018 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық прафилактика бөлімінің бас маманы Мұратов Ренат Ғаниматұлымен кездесу оздырылды. Кездесу барысында Р.Ғ.Мұратов қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл  мәселелері туралы мәліметтерді бейнеролик арқылы көрсетті және студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін байқау мақсатында анкета жүргізді.Осы тақырыпта студенттер бас маманға сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды және шара соңында «Біздің құндылықтар-білім беру ісіндегі адалдық пен академиялық шыншылдық» аясында жасалған «Пара берме. Пара алма » флайерлар таратылды. 

FaLang translation system by Faboba