Қаланы тазалау мақсатында сенбілік жұмыстарына белсене ат салысты.

Қала әкімінің шыршасын ұйымдастыруға «Жас ұрпақ» әлеуметтік жасөспірімдер даму орталығы мен өзін- өзі басқару кеңесі бірігіп белсене ат салысты. 

Қазан айында «Саналы ел салтын сақтар » атты облыстық байқауына Өзін өзі басқару кеңесі және І-ІҮ курс студенттерден құралған топ қатысып, 25 ұжым арасынан 3 орын және  номинация жеңіп алдық. 

Колледждегі патриоттық тәрбиенің негізі – саяси-психологиялық көзқарас қалыптастыру, өз Отанын қорғауда қиындықтарды жеңе білетін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу. «Өзін-өзі басқару кеңесі» облыстық, қалалық, сайыстарға белсене қатысады. 

Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруы мен «Дін және саясат» атты ғылыми конференцияға қатысты

«Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық семинарға қатынастық. Бүгінгі таңда қоғамға, мемлекетке, жеке тұлғаларға зиян келтіріп отырған сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын түсіндіріп, алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Студенттер өздерін ойландырған сұрақтарын ашық білдіріп, видеороликтерден сыбайлас жемқорлықтың зияндылығын дәлелдейтін фактілер көрсетілді. Кіші мәжіліс залында Қ.Р. Мәжілісінің депутаты Тарасенко Е.И. мен кездесуге ұйым мүшелері қатынасты.

Жылда дәстүр бойынша өткізіліп отыратын іс шараның бірі «Мисс колледжа-2014» байқауы  ұйымдастырылды. Байқауға 1  курс студенттерінен 12 ару бәйгеге түсті.

Негізгі шарттары: 

1. Өзін-өзі таныстыру(виде- ролик, слайд,)

2. Өз өнерін көрсету.

ЖҚТБ орталығының  мамандары мен кездесулер өткізілді.  Келген мамандар ЖҚТБ туралы толық ақпарат берді және тренинг ойындары және лекция соңында  сауалнама өткізіді. "Әлем" бағыты бойынша  ЖҚТБ туралы өткен дәріс-тренингке колледж студенттері қатысты. Бұл дәрісті обылыстық тері диспансерінің  маманы Сатканова. Ж.Т. студенттерге слайдтар арқылы жұқпалы аурулардың түрлдері туралы толық ақпарат берді. Студенттер маманға әр түрлі гигиеналық тазалыққа байланысты сұрақтар қойып пікір алмасты. 2014 жылы Тасқала ауданына кәсіптік бағдар беру мақсатында жұмыстанып келдім. Аудандағы мектептерге Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі (қазақ мектеп), Ы.Алтынсарин атындағы  жалпы білім беретін орта мектебі (аралас мектеп) және «Тасқала колледжі»  мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Аталған оқу орындары жақсы қарсы алып, 9,10,11 сыныптарға ақпарат беруге мүмкіндік жасады. Оқушыларға Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж және Орал гуманитарлық-техникалық колледж ондағы мамандықтар және жатақхана, үиірмелер  туралы толық  ақпарат берілді.

Елімізде аталып өтетін іс шараның бірі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні біздің колледжімізде де «Мен-елімнің патриотымын»  атты тәрбие шарасы ұйымдастырылды.

Елбасының «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын студенттік жастар қауымына түсіндіру, ақпарат беру мақсатында іс шара ұйымдастырылды. Мақсаты: жастарға биылғы Елбасы жолдауын толық ақпарттандыру. 

Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын өзекті мәселе - құқық бұзушылықтарды болдырмау және қылмыстың алдын-алу. Осыған байланысты өзін-өзі басқару кеңесі мүшелері бірнеше жұмыстар жүргізді. №3 полиция тірек пунктымен бірлескен жұмыс жоспары жасақталып, өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелері жатақханадағы және қала көшелеріндегі колледж студенттерінің тәртібін қадағалап, құқық бұзушылықтарды болдырмауға ат салысты. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын жою мақсатында ұйымдастырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Е.С.Сарсенгалиев, нашақорлыққа қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен, СПИД орталығының мамандарымен кездесулердің маңызы зор.

FaLang translation system by Faboba