Мамыр айының 13-і күні 1бкшк,1бкшт тобында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай шара өтті. Тақырыбы: «Жырлаймыз  ұлы  Жеңісті». «Әлия» және «Мәншүк», «Катюша» әндері бойынша  үш топқа   бөлінді. Топ мүшелері бейнефильмді көрді. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөлісті. «Смуглянка» өлеңін шырқалды. Содан кейін үш топқа тапсырмалар берілді. 

5.05.17 күні колледжішілік мерекелік «Солдаттың үшбау хаттары» атты  9-Мамыр Жеңіс күніне  арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты: студенттерді патриоттық сезімге баулу, ардагерлерге тақзым білдіру, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мерекелік концерт солдаттардың үшбау хаттарында негізделген.

1аКШР тобы Н.Қ.Султанова- топ жетекшімен 5 мамыр күні Жеңіс күніне арналған «И помнит мир спасенный...» атты тәрбие сабақ өткізді. Шараның мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

14 сәуір 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен топ жетекшілері арасында жоспарланған «Үздік топ жетекшісі-2017» байқауы өтті. 

19 сәуір 2017 жылы сағат 11.00-де Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз әлем үшін!» атты халықаралық акциясы оздырылды. Акцияға колледждің 185 студенті қатысты.

Акция мақсаты-нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа тигізер зардаптарын студент санасына сіңіріп, қоғамға жат жаман әдеттерден қашық болуға, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге тәрбиелеу, студенттердің бойында өмірге деген көзқарастарын, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту.

Осындай ұранмен ЭКСПО- 2017 көрмесіне, арналған концерттік шара өтті. Өзін- өзі басқару студенттері, және Жастар ісінің менеджері Д.Е Мазгутовамен бірге, барлық көрермендерге арналған, флешмоб ұйымдастырылды. 

Студенттерге наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы халқымыздың салт – дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-4 курс аралығында наурыз тақырыбына арналған шаралар оздырылып,  «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты шарамен қорытындыланды.

Наурыз –– біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. 

Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

Шара басталмас бұрын студенттерге Күн мен Түн теңелер Әз-Наурыз мерекесіне тура бір апта қалғанда тойланатын амал мерекесі туралы түсінік берілді: бұрын бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай қауқылдасып, емен-жарқын үй-үйді аралайтын. Әсіресе, үйінде қариясы бар жанұяларға ел-жұрт көрісе баратын. Бұндай үйдің базары көпке дейін тарқамайтын.

6 наурыз күні ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы оқытушы-ана, оқытушы-апа еңбегін қадірлей білуге үйрету, нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға, апаға деген ізгі ниеттерін көрсету мақсатында колледжде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі ...» атты шара оздырылды. Шарада дене тәрбиесі кафедрасы оқытушылар мен студенттері белсенділік танытты.

28 ақпан күні колледждің 1-2 курс студенттері Абай бөлімінің полиция қызметкері Темиртасов Мейірбек Кайрович, полиция инспекторы Найзабекова Әсем Нұрболатқызы және Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне бекітілген жергілілкті полиция қызметкері, полиция лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевичпен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігі, түнгі клубтарда, ойын-сауық орындарында немесе басқа да жерлерде түнгі 11-ден кейін жүруге болмайтындығын, ондай жағдайда әкімшілік кодексінің №127  бабы бойынша ата-аналары жауапқа тартылатындығы туралы ескертті. Кездесу соңында студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

FaLang translation system by Faboba