30 наурыз күні Қ.Мырза-Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл-парасат» облыстық байқауын өткізді. Осы байқауға  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушысы Қосбаева Күнзия Қабидоллақызының жетекшілігімен қатысқан «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Павлычева Карина қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 

Жыл басы  Наурыз мейрамына колледжде «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты жоспар құрылып, 1-4 курс топтары аралығында бекітілген жоспар бойынша шаралар циклы өтті. Шараға колледж құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалина қатысты. Топ жетекшілерінің басшылығымен студенттер қазақ халқының және Қазақстанда тұрып жатқан түркі тілдес этнос(өзбек, татар, түрік, тәжік, түркімен, әжербайжан) өкілдерінің салт-дәстүрін қойылым арқылы көрсетіп, ұлттық тағамдардан дастарқан мәзірін жасады, ұлттық ойындар ойнатылды  және тақырыпқа байланысты киіз үй үлгісінде жасалу керек қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. 

Қазақ халқының ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытып, көпшілік алдында өзін – өзі  ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында және Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  15 наурыз күні колледждің 1-2 курс қыздары арасында «Ақ моншақты аруым!» атты сайыс оздырылды.

Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері, 1 наурыз - Алғыс айту күні Республика көлемінде биыл үшінші жыл қатарынан аталып өтуде. 

8 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Орал қаласының ТжКББ ұйымдарының қатысуымен «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты шаңғымен көпшілік сырғанау акциясы өтті. Акцияға Орал гуманитарлық-техникалық колледж атынан қатысқан дене тәрбиесі кафедрасы оқытушысы С.Т.Ғазизов жүлделі І орынды, арсында 1а КШФ тобы студенті Баянгужин Айдархан студенттер арасында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

8 ақпанда педагогика, психология кафедрасы оқытушы Б.Е. Ерболат «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің 2 курс  студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сен құқығыңды білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.  Шараға қалалық Абай ІІБ-нің полиция қызметкері, учаскелік инспектор Т.К.Сандибеков қатысып, студенттерге құқықбұзушылық – бұл міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс-әрекеттер екенін, оның өзі оқу орындарында сабаққа кешігу, сабақта сөйлеу, мұғалімге қарсы келу, мекемелер бекіткен оқуды , тәртіпті бұзудан басталатынын айтты.

7 ақпан 2018 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық прафилактика бөлімінің бас маманы Мұратов Ренат Ғаниматұлымен кездесу оздырылды.

15 қаңтардан бастап оқу бағдарламасына сәйкес екінші семестр басталды. Колледж бойынша 33 топ бар, топ жетекшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен топ сағаттарында танысып, талдады және алдағы уақытта да жалғасын табады.

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне және Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхинді еске алуға арналған пневматикалық қарудан ату спортынан қалалық жарыста 1б РШФ тобы студенті Сапов Александр жүлделі І орынды иеленді.

18-20 желтоқсан аралығында самбо күресінен 2000-01ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы БҚО-ның чемпионатындағы 70 келі салмақ дәрежесінде 1б КШК тобы студенті Набиулла Айзада І орынмен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba