17.04.Жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру мақсатында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бөлім басшысы Қадошев Аман Бауыржанұлы  және БҚО дін зерттеу орталығының теологі Искалиев Талғат Мұратұлымен «Дін сауаттылығы» тақырыбында бейресми түрде кездесу өтті. Кездесуге колледждің 1 курс студенттері қатысты.(80 студент)

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа формация педагогы» атты І Республикалық байқауына қатысқан колледждің  4б КДО топ студенті А.Темирболатова талапшыл, ізденпаз, жаңашыл педагогикалық шығармашылығы үшін ІІ Дәрежелі дипломымен марапатталып, «Оқып үйренейік» әуенді кестесін сыйлыққа алды. Жетекші ретінде оқытушыА. Б. Сарсенгалиевада ІІ Дәрежелі Дипломға ие болды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын орындау үшін және студенттерге түсінік беру мақсатында 70*150 см көлемінде колледж дәлізіне көрнекі үгіт құралы орналастырылды.

16.04.2018 Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде түлектерді жұмыспен қамту жайында мамандықтар жәрменкесі өтті. Жәрмеңкеге облыс аудандары мен Атырау облысының білім басқармасы қызметкерлері қатысты

5 сәуір 2018 жылы Қ.Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер шығармашылығының ұйымдастыруымен Орал гуманитарлық-техникалық колледжі құрылтайшысы, п.ғ.д. Шалқыма Хайроллақызы Құрманалинамен кездесу кеші өтті. Кешке облыстың зиялы қауымы, Ж.Досмұхамадов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу кешінің өтуіне Орал гуманитарлық-техникалық колледжі үлкен белсенділік танытты.

Бірінші бастама «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша оқытушы М.С.Кабдушева, екінші бастама -«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» - оқытушы И.Е.Ибат, үшінші бастама - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»- оқытушы Е.Б.Мажитов, төртінші бастама- «Шағын несие беруді көбейту»- оқытушы Э.Ахатова, және - «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы бойынша оқытушы Ж.Жақсыбайұлы талдау жасап, БҚО өңірінде болып жатқан игі істермен байланыстырды. 

30 наурыз күні Қ.Мырза-Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл-парасат» облыстық байқауын өткізді. Осы байқауға  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушысы Қосбаева Күнзия Қабидоллақызының жетекшілігімен қатысқан «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Павлычева Карина қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 

Жыл басы  Наурыз мейрамына колледжде «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты жоспар құрылып, 1-4 курс топтары аралығында бекітілген жоспар бойынша шаралар циклы өтті. Шараға колледж құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалина қатысты. Топ жетекшілерінің басшылығымен студенттер қазақ халқының және Қазақстанда тұрып жатқан түркі тілдес этнос(өзбек, татар, түрік, тәжік, түркімен, әжербайжан) өкілдерінің салт-дәстүрін қойылым арқылы көрсетіп, ұлттық тағамдардан дастарқан мәзірін жасады, ұлттық ойындар ойнатылды  және тақырыпқа байланысты киіз үй үлгісінде жасалу керек қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. 

Қазақ халқының ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытып, көпшілік алдында өзін – өзі  ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында және Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  15 наурыз күні колледждің 1-2 курс қыздары арасында «Ақ моншақты аруым!» атты сайыс оздырылды.

Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

FaLang translation system by Faboba