19 сәуір 2017 жылы сағат 11.00-де Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз әлем үшін!» атты халықаралық акциясы оздырылды. Акцияға колледждің 185 студенті қатысты.

Акция мақсаты-нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа тигізер зардаптарын студент санасына сіңіріп, қоғамға жат жаман әдеттерден қашық болуға, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге тәрбиелеу, студенттердің бойында өмірге деген көзқарастарын, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту.

Осындай ұранмен ЭКСПО- 2017 көрмесіне, арналған концерттік шара өтті. Өзін- өзі басқару студенттері, және Жастар ісінің менеджері Д.Е Мазгутовамен бірге, барлық көрермендерге арналған, флешмоб ұйымдастырылды. 

Студенттерге наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы халқымыздың салт – дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-4 курс аралығында наурыз тақырыбына арналған шаралар оздырылып,  «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты шарамен қорытындыланды.

Наурыз –– біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. 

Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

Шара басталмас бұрын студенттерге Күн мен Түн теңелер Әз-Наурыз мерекесіне тура бір апта қалғанда тойланатын амал мерекесі туралы түсінік берілді: бұрын бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай қауқылдасып, емен-жарқын үй-үйді аралайтын. Әсіресе, үйінде қариясы бар жанұяларға ел-жұрт көрісе баратын. Бұндай үйдің базары көпке дейін тарқамайтын.

6 наурыз күні ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы оқытушы-ана, оқытушы-апа еңбегін қадірлей білуге үйрету, нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға, апаға деген ізгі ниеттерін көрсету мақсатында колледжде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі ...» атты шара оздырылды. Шарада дене тәрбиесі кафедрасы оқытушылар мен студенттері белсенділік танытты.

28 ақпан күні колледждің 1-2 курс студенттері Абай бөлімінің полиция қызметкері Темиртасов Мейірбек Кайрович, полиция инспекторы Найзабекова Әсем Нұрболатқызы және Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне бекітілген жергілілкті полиция қызметкері, полиция лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевичпен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігі, түнгі клубтарда, ойын-сауық орындарында немесе басқа да жерлерде түнгі 11-ден кейін жүруге болмайтындығын, ондай жағдайда әкімшілік кодексінің №127  бабы бойынша ата-аналары жауапқа тартылатындығы туралы ескертті. Кездесу соңында студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

01.09.2016 Бірінші қыркүйек – «Білім күні». Бірінші курстардың алғашқы колледж табалдырығын аттаған күні. Алғашқы қоңырау соғылып, « 1 б КШМ тобының студенті Болатова Айгүлім ән шырқап студенттерді құттықтады

Қазақстандық балуан қыз Екатерина Ларионова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Екатерина Ларионова коледжіміздің түлегі бірінші курс студенттерін қадамдарымен құттықтап сөз сөйледі. 

«Назерке» қыздар клубының жетекшісі А.А.Аманбаева қыркүйек айында«Назерке» қыздар клубының жұмыс жоспар бойынша отырысын  өткізді.  Алғаш қыздар  клубтың мақсат-міндеттерімен таныстырылып, бойжеткен қыздардың ережелерімен таныстырды. 

Мақсат-міндеттері: 

• Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отансүйгіштіккетәрбиелеу. 

Орал қаласы қала күніне арналған он күнге құрылған шаралар жоспары бойынша 9 қыркүйек «Гүлдер көрмесіне» арналды. Бұл шараға колледж студенттері мен топ жетекшілері өз үлестерін қосты, әсіресе 1б КШК, 1б РШО,РДО,РШИ,ПД, 2б КШФ, 2б РШФ, 3б КШК, 3б КШИ, 3кб КШФ, 3б РШИ, 3б КШИ, 3б РШО топтарына және кураторлар Ж.К.Кадралиева, Л.А.Нагимова, Р.К. Бекесова, И.Е.Ибатқа алғыс жарияланды.

5 октября преподаватель – куратор  группы 1б КШО Набиева Ж.Ж. в аудитории № 46 провела открытие воспитательное мероприятие  на тему:«Ұстаз – ұлағатты тұлға». На мероприятии присутствовали зам. директора по ВР Косбаева К.К, зам. директора по НМР СарсенгалиеваА.Б., менеджер по делам молодежи Мазгутова Д.Е., преподаватели кафедры педагогики и психологии Маденова Т.У.,преподаватель педагогики Шотова Г.С.,преподаватель иностранного языка А.Джаксымбетова, зав.кафедрой математика, информатика и информатики Ибатова Н.Е.,преподаватель казахского языка и литературы Кадралиева Ж.К. Ведущие мероприятия студенты Медресов Б. и Мергалиева А. Студенты Мергалиева А и Кәрім А. выразили свои добрые пожелания исполнением песни «Ұстазым».

FaLang translation system by Faboba