13 қараша күні «Денсаулықты сақтауды өзіңнен баста» атты  Бүкіл Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілген «Ұрпақтар сабақтастығы» аға буын мен жастар арасында  көпір боп жүрген алаңға еңбек ардагері, фармацевт, қоғам қайраткері, жазушы «Мейірім әуендері» кітабының авторы, денсаулық сақтау саласындағы үздік еңбек қызметкері Бергенов Мақсұт Қабашұлының қатысуымен Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің қабырғасында өтті.      

 Ардагер «Адам өзін-өзі тәрбиелейді, қандай да бір қиындыққа бірінші өзің қарсы тұра біл, сан шексіз дәрі-дәрмектің түр-түрін пайдаланғаннан гөрі сол ауырмаудың жолын іздеген жөн» - деп жастарға ақыл-кеңесін айтты.Тақырыптың өзі айтып тұрғандай медицина саласында көптеген кадр тәрбиелеген 70 – тен асқан ардагер «Ұстаз тек 45 минут балаға сабақ беріп қана қоймай, 45 минуттық өміріне де жауап беретін, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде де қалыс қалмау керектігін» жеткізді. Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  Орал гуманитарлық – техникалық  колледжінің  құрылтайшысы  Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина өз кезегінде осындай  кездесулер болашақ ұстаздарға берері мол екенін айтып, Мақсұт  Қабашұлына алғыс білдірді. 

 

FaLang translation system by Faboba