20 қазан күні 3б КДО тобының ата-аналарымен «Бала тәрбиесі – отбасынан» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс басында топ кураторы ата-аналарымен танысу мақсатында танысу шеңберін - «Менің аты-жөнім..., қызметім..., сүйікті ісім...» дегенді өткізді. Әрі қарай жиналыс барысында топ жетекшісі ата-аналармен өсиетті әңгімені талдау, «Қызыңызды қаншалықты білесіз?» ассоциациялық ойынын ойнау, сөйлемін жалғастыр – өз ойын айту,   тәрбие туралы «Мақал-мәтелді аяқта», «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?» постер толтыру және «Менің тілегім.....» (жапыраққа тілектерін жазып отбасы ағашына жапсырады) сәттері ұйымдастырды. Ата-аналармен бірге топ студенттері де қатысты. Ата-аналар жиналыста белсенділік танытып, жиналыс аяғында колледж әкімшілігіне, оқытушыларына, топ жетекшісіне алғысын білдіріп, колледждің жұмысына сәттілік тілектерін айтты.

FaLang translation system by Faboba