Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

Шара басталмас бұрын студенттерге Күн мен Түн теңелер Әз-Наурыз мерекесіне тура бір апта қалғанда тойланатын амал мерекесі туралы түсінік берілді: бұрын бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай қауқылдасып, емен-жарқын үй-үйді аралайтын. Әсіресе, үйінде қариясы бар жанұяларға ел-жұрт көрісе баратын. Бұндай үйдің базары көпке дейін тарқамайтын.

Осы дәстүр Қазақстанның тек батыс өңірінде сақталғандығын айта келіп, көрісу айтты соңғы жылдары жергілікті билік көпшілік шара ретінде атап өтуді жақсы ырымға айналдырып келе жатқандығына да тоқталып кеттік.

14 наурыз күні таңғы 7.30-ден бастап студенттер дәлізде оқытушылармен көрісіп, шелпек нанмен қарсы алды. Кейін топтарда көрісуге арналған тәрбие сағаттарына жалғасты.

Оқытушы Р.Г.Джакупова жетекшілік ететін 1б КДО тобында «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!» атты наурыз мейрамы мен көрісу күніне арналған шара оздырды.

 

Шараның мақсаты - студенттердің Наурыз мейрамы туралы білімдерін тереңдету, қазақтың ежелден келе жатырған көрісу және басқа да салт-дәстүрлерді сақтауға, құрметтеуге баулу. Шара барысында топ студенттері Ә.Губайдуллина , А. Амирова, А. Махамбетова , А. Тлепкалиева ата-бабамыздан жалғасқан Наурыз мейрамы: көрісу, аластау, бата беру т.б. салттар туралы ақпарат беріп, «тұсау кесу» дәстүрін көрсетті.

1аКШР тобында оқытушы Н.Х.Джуматаеваның ұйымдастыруымен «Традиции и обычаи народов Казахстана»,

1аКШИ тобында «Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыптарында шаралар өтті.

Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекелік шаралар әлі де жалғасуда және мұндай шаралар студенттердің бойында өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, дәріптеуге, қадірлеуге, қоршаған әлемнің адамдар мен табиғат арасындағы өзара байланыс пен тәуелділігін түсініп, еліне, халқына деген ұлттық сезімін қалыптастырады.

FaLang translation system by Faboba