3–11 қыркүйек күндері Венгрия мемлекеті Будапешт қаласында армрестлингтен жастар, қыздар арасында өткен Әлем Чемпионатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 2016-2017 оқу жылының түлегі Каупенова Кенжеқыз Әлем Чемпионы атанды.

14.10 күні Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде тіл айлығы аясында студенттер арасында классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған  колледжаралық «Шалқар шабытты жазушы» атты Мұхтар оқуларына 4б КШК тобының студенті Саламат Ернар, 3б КШО тобының студенті Габдолаев Алихан, 3б КШК тобының студенті Асылзат Асылбековаларды жетекшісі ретінде алып барып, белсене қатысқан үшін алғыс хат алып келді.

13.10 күні 4б КШК тобының студенттері Қайрат Әсемгүл, Алтынай Бақытжановалар Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында «Айбынды Алаш жастары» аймақтың жастар форумына қатысты.

Оқушылар сарайында өткен «Жас медиа» жастар журналистикасын дамыту жобасы бойынша өткізілген медиамектебін сәтті аяқтағанын растап, Жобаны «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ «Samruk-Kazyna Truzt» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Менің Елім» аймақтық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Тележурналистика және тележүргізушілік» тақырыбындағы курстық семинарына 4б КШК тобының студенттері Әсемгүл Қайрат пен Алтынай Бақытжановалар  қатысып сертификаттарына ие болды.

07.10 күні, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі  Қадыр Мырзалиевтың саябағында өткізілген «Дәстүр» атты тақырыбындағы мерекелік шараға қатысып, «Салт –дәстүрім-таусылмайтын байлығым» деген атауымен  қазақ халқының өнерін, салт-дәстүрін  насихаттады, қазақ ғұрпының  ескі жолында  «Кекіл қою», «Айдар шаш», «Үкілі қыз» «Тұлым» үшін қойылғаны туралы көрініс арқылы көрсетілді.

«Қарттар – біздің асыл қазынамыз» дегендей 1 қазан - Халықаралық қариялар күніне орай сонымен қатар осы мерекемен тұспа – тұс келіп отырған Ұлы ұстаздар күніне «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі,Шәкіртімен ақталады еңбегі» атты ұлағатты,ардагер ұстаздарымызбен кездесу кешін студенттеріміздің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, қарияларымызға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де көмек түрлерін көрсету.

Мамыр айының 13-і күні 1бкшк,1бкшт тобында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай шара өтті. Тақырыбы: «Жырлаймыз  ұлы  Жеңісті». «Әлия» және «Мәншүк», «Катюша» әндері бойынша  үш топқа   бөлінді. Топ мүшелері бейнефильмді көрді. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөлісті. «Смуглянка» өлеңін шырқалды. Содан кейін үш топқа тапсырмалар берілді. 

5.05.17 күні колледжішілік мерекелік «Солдаттың үшбау хаттары» атты  9-Мамыр Жеңіс күніне  арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты: студенттерді патриоттық сезімге баулу, ардагерлерге тақзым білдіру, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мерекелік концерт солдаттардың үшбау хаттарында негізделген.

1аКШР тобы Н.Қ.Султанова- топ жетекшімен 5 мамыр күні Жеңіс күніне арналған «И помнит мир спасенный...» атты тәрбие сабақ өткізді. Шараның мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

14 сәуір 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен топ жетекшілері арасында жоспарланған «Үздік топ жетекшісі-2017» байқауы өтті. 

FaLang translation system by Faboba