27 қыркүйек күні «Қазақ тілі, орыс тілі» кафедрасы «Ұлтына білім сыйлаған...» ұлы педагог Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференциясы №46 аудиторияда өтті. Конференцияға №30 ЖОББМ мектебінің, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің,  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі, орыс тілі» кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінде дәріс алатын 3 курс студенттері қатысты. Конференцияны кафедра меңгерушісі Зайнулина А.Т. ашты. Әрі қарай бірінші болып Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі, орыс тілі» кафедрасының оқытушысы Ж.К.Кадралиева өзінің Ы.Алтынсариннің «Өзен» деген шығармасына дайындаған сабағын ұсынды. Сабақ болашақ оқытушыларға тәжірибе ретінде, АКТ-ның көмегімен көрсетілді. Оқытушы слайд арқылы жоспарын, өтетін барысын көрсетіп, бейне ролик пайдаланды. Екінші Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы А.А.Жолдасова Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде өзінің дайындаған сабағын көрсетті. Сабақ барысында электронды оқылық, слайд материалдары кеңінен пайдаланылған.

      

Сондай-ақ өзінің тәжірибелерімен №30 ЖОББМ мектебінің оқытушылары Л.К.Кажгереева және Ж.Н.Ишангалиева бөлісті. Бұл оқытушылар І және ІІІ деңгей бойынша оқып келгендерін айтты. Оқытушылар сабақ барысында жаңа технологияларды қолдануы туралы айтып, чтуденттермен практикалық жүзінде көрсетті. Соның ішінде ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды тақырыпқа жақындату мақсатында оқушыларды топқа бөліп, Ы.Алтынсариннің шығармаларынан үзщінділерін «Рәп», «халық ән», «опера» түрінде және осыдан қандай әсер алғандарын айтуды ұсынды. Әрі қарай Ы.Алтынсарин туралы бейне ролик, сондай-ақ «тілші», «актер», «жас зерттеуші» топтарға бөліп ұлы педагогтың шығармаларын жарнамалауға, драмма түрінде көрсетуге, зерттеуге ұсынды. Бекітуге «конверттеги сұрақтар», «кабырғадағы сұрақтар», «доп лақтыру арқылы сұрақтар» деген әдістерін көрсетті.Рефлексия бөлімінде эссе, бір-бірімізді бағалауын ұсынды. Студенттер берілген тапсырмаларын қызығушылықпен, белсенділікпен орындап шықты. Конферения өте қызықты өтті.

03 қазан күні колледждегі студенттерге арналған «Педагогика, психология» кафедрасы айлығының ашылу салтанаты сағат 11.05 өтті. Шара басында колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева сөйлеп, студенттерге жақсы көңіл күй мен жетістіктерге жете білу қабілеттерін тіледі. Әрі қарай кафедра оқытушылары «Амандасу» тренингін өткізді. Тренинг барысында студенттер бір біріне қарама-қарсы тұрып, алақанмен, иығымен, арқамен, аяқпен, шапалақтау арқылы амандасып шықты. Келесі сәтінде 1п КШО топ студенттері «Көтеріңкі көңіл күй» флэшмобын ұйымдастырып, барлық студенттер мен оқытушыларды билетті. Қатысушылар жақсы көңіл күймен сабақтарына оралды.

«Ағылшын тілі» кафедрасының 5 оқытушысы «Эдванс» Білім орталығы «Техника преподавания» тақырыбында ұйымдастырған семинарына қатысты. Семинар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде өтті. Семинар барысында Білім орталығының  оқытушылары колледжде ағылшын тілін оқытуда жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану жолдары жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. Нәтежесінде қатысқан оқытушылар «Қатысушы» сертификатына ие болды.

27 қазан күні Орал политехникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім – Мәңгілік Ел» идеясының тірегі» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға қалалық колледжілердің директорлері, директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директорлердің өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Конференция барысында БҚО білім басқармасының басшысының орынбасары Н.М.Сабиров, Орал политехникалық колледжінің директоры К.Ж.Қырықбаев, Ресейдің Поволжьенің М.Мачнев атындағы колледжінің директоры В.Романовский, Атырау колледжінен келген Д.Е. Мальцевтер тақырыпқа сай өздерінің баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ осы конференция колледжінің 60-жылдығына орай болғандықтан, колледж оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Келесі сәтінде келген қонақтарға өз тілектерін білдіруге еркін микрофон берілді.

      

2016 жылдың 1-4 қараша аралығында колледж оқытушы Ф.Қ.Иштаева Алматы қаласының «Бөбек» орталығында «Концепия самопознания на основе общечеловеческих ценностей» тақырыбында семинарға қатысты. Семинар барысында оқытушылар тақырып бойынша баяндамалар тыңдап, «өзін-өзі тану» сабағына қатысты видеороликтер, оқулықтармен танысып, ашық түрде практикалық сабақтарды тамашалады.

        

Колледж оқытушы А.Б.Сарсенгалиева, өзнің 3 курс студенті Ж.Курмановамен «Орал» телеарнасындағы «Әдемі әлем» хабарына қатысты. Хабардың тақырыбы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» саласына байланысты болған.

     

15 қараша күні мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Орал ақпараттық технологиялар колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2016» атты облыстық байқауы өтті. Байқауға 10 әдіскерлерден 6 әдіскері қатысты, соның ішінде Қаратөбе ауданынын әдіскері, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Орал политехникалық колледжінің әдіскері, Ақсай қаласының әдіскері, Жәнібек ауданының әдіскері және Бөкей-Ордадан келген әдіскер. Байқау келесі турлардан құралған:

1. Сырттай – әдіскердің портфолиосы

2. «Мен әдіскермін» - визиттік карточкасы (бейнеролик түрінде)

3. ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызметінің жобасын (үлгісін) таныстыру

4. Кәсіби құзыреттілігін және жеке қасиеттерін ашатын тапсырмалар

Нәтежесінде І Дәрежелі дипломға Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ІІ Дәрежелі дипломға Орал политехникалық колледжінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ІІІ Дәрежелі дипломға Жәнібек ауданының әдіскері ие болды. Қалған үш әдіскер номинациялармен марапатталды.

    

25.11.16 – 26.11.16 күндері Білім ақпараттандыру педагогикалық технология орталығы «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру» тақырыбында ұйымдастырыған оқыту семинарына колледж оқытушылары Иштаева Ф.Қ., Насіпқалиев Қ.М., Ергалиева Ж.Р., Джакупова Р.Г., Кадыралиева Ж.К., Шаянова М.К., Орал гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы шағын орталық қызметкерлері Қайырғалиева Г.Г.,  Қуантаева Ұ., Қаратаева Т. қатысқан. Семинар барысында оқытушыларға электрондық оқулықтарды құрастыру ережелері, ерекшеліктері таныстырылып, практикалық тұрғыда жасауды үйретілді.

FaLang translation system by Faboba