Колледж жаңалықтары

05.12.18 күні «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес» күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан бүгін және болашақта» атты айлықтың іс-шарасына 2,3,4 курс студенттерімен пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды. Пікір-сайысты ұйымдастырушы «Жаратылыстану және қоғамдық пәндер» кафедра меңгерушісі Утегенова Н.А. Бұл пікір-сайыс турнирінің мақсаты студенттердің болашаққа деген бағыт-бағдарын айқындап, болашақта Қазақстанды қай тұрғыда, қалай елестете алатындарын әңгімелеп, тақырыпқа сай презентация қорғап ауқымды көлемде  түсінік берді.

30 қараша күні «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» тақырыбымен Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Капаева Шынар Датқызы және Орал қаласының әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының заңгері Даулетиярова Мариэтта Тархановнамен 1-4 курстар аралығында кездесу өтті.

29 қараша күні Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жоғары және арнауылы орта оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында қалалық оқыту семинарына қатыстым. Семинар мақсаты – жастарға теологиялық бағытта кеңес беру. Дін істері басқармасының маманы Төлепов Азамат Нұғманұлы және Дін істері басқармасының дін істері басшысы Арман Нұрахметұлы семинар барысында сөз алды.

Бүгін, 29 қараша күні орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1аКШИ, 4бКШК тобы студенттері мен кураторы К.К.Қосбаеваның ұйымдастыруымен «Тұлғасы елбасының жеке дара» атты 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай ашық сыныптан тыс шарасы оздырылды. Тәрбие сағатының мақсаты Елбасының өмір жолын, ерекше қабілетін, шешендігін, ел басқарар көсемдігін жас ұрпаққа таныту болды. Шара тарихқа шолу негізінде «Шежірелі жылдар» викторинасынан басталды. 

9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылған Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонынының ашылу салтанатына  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әлеуметтік педагогы Мухсинова А.Ж және оқу диспетчері А.А.Алиеваның ұйымдастыруымен1аКШФ, 1аКШИ, 2 бКДО, 4бКШК,КДО топ студенттерінің біріңғай қатысып қолдау білдірді. Марафонға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Б.Исақов бүгінгі марафонды ашық деп жариялады. Орал қаласының әкімі Мұқаев М.Р және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы марафонның ашылуына қатысты.

FaLang translation system by Faboba