Колледж жаңалықтары

05.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы оздырылды. Жиналыста айтылған негізгі міндеттер: баланың сабақ үлгерімі, сабақты жиі қалдыратын студенттер туралы, оздырылатын іс-шаралар, педагогикалық машық, білім деңгейі, оқу төлемақысы туралы барлық тұрғыда хабардар етілді. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы айтылды. Жиналысқа колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қатысып, сөз сөйледі.

02-04.10 күндері аралығында «Евразия туризм және сауықтыру орталығында» спорттық бағдарлаудан облыстық «Батыс – Азимут 2019» ашық жарысы өтті. Жарысқа Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.Қ.Виктордың жетекшілігімен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері Серікұлы Ерасыл (1а КШФ), Мырзагелдіұлы Оралбек (1а КШФ), Жеңісов Азат (2а КШФ), Әділгереев Артур (2а КШФ), Есқалиев Рустем (2а КШФ), Салжекенова Салтанат (2а КШФ), Сапар Аида 2а КШФ, Исаков Адильбек (3б КШФ), Сдиков Тимур (3б КШФ) қатысты.

04.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жылдағы дәстүрге сай қазан айының бірінші аптасында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта ұлы мейрамдардың бірі ұстаздар күніне арналған колледжішілік мерекелік шара оздырылды. Шара әр түрлі бағыттарда өрбіді. Ең алдымен, колледж құрылтайшысы, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Х.Құрманалинаны және колледж атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Ж.Утарбаеваны колледж дәлізінен «Музыкалық білім беру» мамандығының 3б КШМ, 4б КШМ топ студенттерінің «Ұстазым» атты әндерді ансамбль ретінде орындау арқылы қарсылап алды.

04.10 күні 3бКШИ тобымен «Жас психолог» үйірмесінің отырысы өтті. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. «Мені қоршаған орта» тақырыбында тренинг-ойындар жүргізілді. «Жас психолог» үйірмесінің отырысы амандасу тренингімен басталды. Тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, «өмір жаттығуын» орындады. «Менің балалық шағым», «Менің қазіргі шағым», «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру арқылы 3 топқа бөлініп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша плакат қорғады. «Оның есесіне мен..., мен саған сенемін, метафора арқылы сөйлеу» жаттығулары жүргізілді. Тренинг аяқталғаннан кейін студенттер ұстаздарын құттықтап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

03.10.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері, «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі, «Достық» еріктілер клубының белсенді жастары бірлесіп «Бастау» коворкинг орталығында «Жеке тұлғаның өсу векторы» атты семинар-тренингке қатысты. Шараның мақсаты: қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуында. Студенттермен арнайы ұйымдастырылған тренингтер топқа бөліну арқылы жүзеге асты.

02.10.2019ж күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» тақырыбындағы айлықтың ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Психология ғылымының маңыздылығын насихаттау, студенттердің, ұстаздардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту. Апталық «Өзіңе ең маңыздысын таңда» деген психологиялық акциямен басталды. Ұстаздар мен студенттер тақтадағы қасиеттің біреуін алып, оны не үшін таңдағаны туралы түсінік береді. 1 курс студенттерімен «Күлкі сыйла» атты тренингі және 2-3 курс студенттерімен «Мендегі адамгершілік құндылықтар» жаттығулары жүргізілді. Педагогикалық ұжым мен студенттер тренинг, жаттығуларға белсене қатыса білді.

FaLang translation system by Faboba