Колледж жаңалықтары

2014 жылы Қазақстан мақсаты дүниежүзі бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының деңгейін көтеру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын дүниежүзілік WorldSkills International - халықаралық қозғалысына мүше болып кірді.

26.04.2019 күні облысымыздың колледждер арасында ауқымды өткен «Worldskils Oral» сайысында Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жүлделі I, II орын және «Үздік маман» номинациясын қанжығалады. Колледж ұжымы жеңімпаздарды құшақ жая қарсы алып, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті. 

25.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы, ұлттық спорт түрі бойынша Алматыда ересектер арасында өткен ел чемпионатында аударыспақтан жеңімпаз атанған 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығында білім алатын 4б КШФ топ студенті Иманғазыұлы Нармағанбетті құшақ жая, құрметпен қарсы алды. 

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде әр айдың соңғы бейсенбі, яғни 25.04.19 күні бірыңғай терроризмнің алдын алу төтенше жағдайлар терроризм актісі туралы хабарлама келіп түскен кезде, қолданылатын іс-әрекеттерді әрбір топқа жаднамалар арқылы түсіндірумен бірге, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда оқу-жаттығу эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

20.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстаздар ұжымы және студенттері облыс көлемінде өткен «Таза қала» атты акциясына орай қала сыртында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Колледжімізден 50 студент жастар қатысып, табиғатты аялауға, ормандарды қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ қалалармен елді мекендер айналасын бірлесіп көгалдандыру сияқты игі істерге белсене атсалысты.

2019 жылдың 17-күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің акт.залында «Музыкалық білім беру» мамандығының топ жетекшісі А.Р.Идрисова және топ студенттері мұғалімдер арасында «Дәлме-дәл» (точь в точь) атты музыкалық бағдарламасын ұйымдастырды. Әр қатысушы ұстаз танымал әншілерге пародия жасап, жоғары деңгейде атқарып шықты.

FaLang translation system by Faboba