Колледж жаңалықтары

28.04. күні «Тілашар» үйірмесі мен музыка кафедрасымен «Ынтымағы  жарасқан туған  өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр Қазақстан  халықтарының  бірлігі  күніне  арналған шара оздырылды. Музыка кафедрасы өзінің айлық есебін ұсынды.  Шараның мақсаты:халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достыққарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның  өркендеуіне  достық  арқылы  өз  үлестерін  қосуға  баулу. 1а КШР, 1бРШО,РШИ, 2бКШФ және  музыка кафедраның студенттері бейбітшілік, достық пен бірлікке арналған өлеңдер мен әндер орындады.

25 сәуір күні 1аКШР тобының студенті Устинова Анастасия Саратов облысындағы Балаково қаласындағы ұйымдастырылған «Формат 64» атты ІІ Халықаралық қолданбалы өнер сайысына қатысып, І орынға ие болды.  Ол ересек тобындағы «Қолданбалы шығармашылық өнер» номинациясында «Ұлттық киімдегі құыршақ» бағытындағы І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Колледжіміздің студенті, Сагинбаев Жарасқан, «28 Тоғызқұмалақ ерлер арасында командалық Қазақстан чемпионатында» жүлделі 1 орынды иеленді. Біз Жарасқанды құттықтай отырып, алдағы «Азия кубогының чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілек білдіреміз.

21-сәуірде «Музыка кафедрасының» «Мәңгілік елдің өлмес өнері» айлығының аясында коледжішілік «Екі жұлдыз» сайысы ұйымдастырылды.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз.

FaLang translation system by Faboba