Колледж жаңалықтары

11.05.17 күні облыстық олимпиадада Орал гуманитарлық –техникалық колледжінің 1 курс студенті Колесникова Ксения Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған тіл фестивалі аясында өткен орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлері байқауына қатысып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеріп, мәртебесін арттыруға лайықты үлесқосқаны үшін жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Қ.Қадыралиева.

5.05.17 күні колледжішілік мерекелік «Солдаттың үшбау хаттары» атты  9-Мамыр Жеңіс күніне  арналған мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты: студенттерді патриоттық сезімге баулу, ардагерлерге тақзым білдіру, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мерекелік концерт солдаттардың үшбау хаттарында негізделген.

1аКШР тобы Н.Қ.Султанова- топ жетекшімен 5 мамыр күні Жеңіс күніне арналған «И помнит мир спасенный...» атты тәрбие сабақ өткізді. Шараның мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

04.05.2017ж  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі  және Орал гуманитарлық-техникалық колледжі 4 курс студенттерінің арасында «Жыл студенті - 2017» байқауы оздырылды. Байқау қорытындысы бойынша 4 б КШК «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенті МУРАТОВА  ГАУХАР КҰТТЫБЕКОВНА  және 4 б СП «Өзін-өзі тану мұғалімі» мамандығы студенті БУКЕНБАЕВА  ЖАННА САБЫРҒАЛИҚЫЗЫ  жүлделі ІІ орынды иеленді. Жүлдегерлерге биік белестер мен сәттіліктер тілейміз. 

FaLang translation system by Faboba