Колледж жаңалықтары

Орал гуманитралық – техникалық колледжінде  2а КШФ тобының жетекшісі Н.А.Утегенованың ұйымдстыруымен «Ауған асуында от кешкендер» атты тәрбиелік шара оздырылды. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, түсіндіру және  тарихи тағылым беру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу.   

01.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өзін-өзі тану пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен, «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – колледж студенттерінің бойына кешірімділік, татулық, бірлік, бір-біріне қиянат жасамау қасиеттерін сіңіру, шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту, жүректерін мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа толы болуға тәрбиелеу.

Ақпан айының алғашқы күні колледжіміздің 1-3 курс студенттері колледж ауласына жиналған қарды жұмыла тазалады. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші, жігіттеріміз үшін қыстың күні керемет жаттығу әрі пайдалы іс болды.

  

09.01 күні №46 ЖББОМ бастауыш сынып оқытушылары Ахатова Жансауле  Какимжановна, Баянгалиева  Самал Ибатоллақызы және  Балгабаева Жанаргүл Жеңісқызы әдістемелік  тәжірибе алмасу  сағаты өткізді.  Жаңартылған білім беру  бағдарламасы және  қысқа мерзімді жоспарлар құру туралы айтылды.  Әр сыныпқа арналған оқу бағдарламаларымен   таныстырып,  қысқа мерзімді жоспардың  міндеттерін ашып көрсетті.Сабақта қолданылатын   белсенді оқу әдістері туралы сөз болды.  Бастауыш сынып оқытушысы Балгабаева Жанаргүл Жеңісқызы 3 сынып  математика  сабағында  оқытудың бірнеше әдістерін  қолданды.

 

9 қаңтар күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары және қалалық мектеп мұғалімдерімен әдістемелік тәжірибе алмасу сағаттары өтті. № 4 аудиторияда Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларына А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бахтиярова Гулнара Кенжеғалиқызы “Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай сабақты жоспарлау ерекшеліктері” тақырыбындағы Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік сағатын көрсетіп өткізді.

9 қаңтар күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жаңартылыған білім беру бағдарламасына сай сабақты жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік тәжірибе алмасу сағаты өтті. Тәжірибе алмасу сағатын мектеп мұғалімдері өткізді. Бірінші №21 ЖОББМ мұғалімі О.В.Иванова сөз алды. Өзінің баяндамасында мұғалім жаңартылған білім берудің енгізген жылы, міндеттері мен әдістерін ашты. Содай-ақ өз тәжірибесімен бөлісіп, 1 сынып балаларымен жұмыс жасаудағы жетістіктері мен қиыншылықтары жөнінде баяндап берді.  

FaLang translation system by Faboba