Колледж жаңалықтары

24 мамыр күні акт залында “Жыл оқытушысы - 2017” байқауы өтті. Бұл байқауда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің сегіз және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің үш оқытушысы сыңға түсті. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылардың арасындағы өткізілгенРеспубликалық Интернет байқауының  «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР» «Менің отбасым менің тірегім» атты номинация бойынша1а КШР тобының студенті, оқу озаты Максимова Мадинет (жетекші С.К. Бисенова- тарих пәнінің оқытушысы) ІІ дәрежелі Дипломының  жүлдегері болып марапатталды.

20 мамыр күні қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде колледждің құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалина, Облыстық білім басқармасынан бөлім басшысы Г.Х. Жүсіпкалиева, Абай ішкі істер бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен «Өзіңнен баста-Начни с себя!» өңірлік жобаның 11 тармағы бойынша «Бір уақытта барлық аудан, қала оқушылары мен студенттерінің арасында «Өзіңнен баста- Начни с себя!» флешмобы ұйымдастырылды. Шараға колледжің барлық оқытушылары мен 100 студенті қатысты.

Мамыр айының 13-і күні 1бкшк,1бкшт тобында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай шара өтті. Тақырыбы: «Жырлаймыз  ұлы  Жеңісті». «Әлия» және «Мәншүк», «Катюша» әндері бойынша  үш топқа   бөлінді. Топ мүшелері бейнефильмді көрді. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөлісті. «Смуглянка» өлеңін шырқалды. Содан кейін үш топқа тапсырмалар берілді. 

FaLang translation system by Faboba